Дәреже: Все

«Фотосуреттер мен бейнелермен жұмыс істеу ережелері»...

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша өткізіліп жатқан «Цифрлық әлем» апталығы барысында 2 ақпан күні педагогтерге семинар мен цифрлық сауаттылық сабақтарын өткізуге арналған. «Фотосуреттер мен бейнелермен жұмыс істеу ережелері» цифрлық сауаттылық сабағы тәрбиеші педагогтер үшін сағат 10.00-де онлайн форматта ұйымдастырылды. Мақсаты: педагогтерді фото, видео материалдарды түрлі форматтарға сапасын жоғалтпайтындай ауыстыру, олардың көлемін өзгерту, түрлі коллаждарды құрастыру, сонымен қатар, оларды интернет ресурстарына орналастыру ережелерімен таныстыру. Цифрлық сауаттылық дәрісінде педагогтерге пайдалы сілтемелер беріліп: https://converter-online.com/converter/compress-video/ https://video-converter.com/ru/ www.iloveimg.com/ru https://mycollages.ru www.ilovepdf.com/ru/pdf_to_word практикалық жүзінде сайттары арқылы фото, бейнематериалдармен жұмыс істеу нұсқаулықтары мен мүмкіндіктері таныстырылды. Цифрлық сауттылығы сабағында қосымша бонус ретінде PDF форматында жұмыс істеу бойынша ақпарат берілді. PDF форматындағы құжаттарды редакциялау, қол қою функциялары және тағы да басқа мүмкіндіктері қарастырылды. PDF пішімі қажетті қаріптерді (сызықтық мәтін), векторлық және растрлық кескіндерді, кескіндерді және мультимедиялық кірістірулерді ендіруге мүмкіндік береді. RGB, CMYK, Grayscale, Lab, Duotone, Bitmap, растрлық ақпаратты қысудың бірнеше түрлерін қолдайды. Оның басып шығаруға арналған өзіндік техникалық пішімдері бар: PDF/X-1a, PDF/X-3. Мұғалімдер дәріс соңында өздері білетін платформа мен қосымшаларда жұмыс істеу тәжірибелерімен де бөлісті.

2022-02-02 16:31:34

Скачать Смотреть

Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандырудың сапасына бақылау жасау жөніндегі ведомствоаралық сараптама комиссиясының 2022 жылға арналға жұмыс жоспары

Білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандырудың сапасына бақылау жасау жөніндегі ведомствоаралық сараптама комиссиясының 2022 жылға арналға жұмыс жоспары

2022-01-28 11:36:55

Скачать Смотреть

«Жемқорлық – індет, жою – міндет!» тақырыбында эссе байқауы өткізілді...

Мектепішілік «Адал ұрпақ» клубының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру, өскелең ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру аясында қантар айының 19-24 аралығында 7-9 сынып оқушыларымен «Жемқорлық – індет, жою – міндет!» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің барлық белгілерімен күресу.

2022-01-24 16:45:27

Скачать Смотреть

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІ ПӘНДЕРІНЕН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ, 10-11 сыныптар

ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ДЕҢГЕЙІ ПӘНДЕРІНЕН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ, 10-11 сыныптар

2022-01-18 16:16:13

Скачать Смотреть

1-4 сыныптар инклюзия контекстіндегі оқу пәндері бойынша БЖБ және ТЖБ сараланған тапсырмаларын дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар

1-4 сыныптар инклюзия контекстіндегі оқу пәндері бойынша БЖБ және ТЖБ сараланған тапсырмаларын дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар

2022-01-18 16:13:10

Скачать Смотреть

Инклюзия контекстінде оқу пәндері бойынша БЖБ және ТЖБ сараланған тапсырмаларын дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар, 5-9 сыныптар

Инклюзия контекстінде оқу пәндері бойынша БЖБ және ТЖБ сараланған тапсырмаларын дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар, 5- 9 сыныптар

2022-01-18 16:11:10

Скачать Смотреть

«Басшы сағаты»

15 қаңтар күні мектеп ата-аналарының қатысуымен «Басшы сағаты» болып өтті. Күн тәртібіндегі қарастырылған басты мәселе, ІІІ тоқсандағы оқу үдерісінің басталуы. Барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып, мектебіміз штаттық режимде жұмыс жасайтындығы туралы ата-аналарға ақпарат берілді. Сондай-ақ, ата-аналар өздерін мазалайтын сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

2022-01-18 15:03:25

Скачать Смотреть

Директор жанындағы кеңес ұйымдастырылып өткізілді..

8 желтоқсан күні мектеп педагогтарымен директор жанындағы кеңес ұйымдастырылып өткізілді. Қарастырылған мәселелер: 1. Техногендік төтенше жағдайлар және терроризм актісін жасау қаупі кезінде білім беру ұйымдарының қызметкерлері, білім алушылары және тәрбиеленушілерінің іс-қимыл алгоритмі. 2. Мектепішілік бақылау 3. Ағымдағы сұрақтар.

2022-01-18 15:00:45

Скачать Смотреть

Басшы сағаты...

4 желтоқсан күні мектеп ата-аналарымен «Басшы сағаты» болып өтті. Күн тәртібінде оқушылардың қауіпсіздігі және нашақорлықтың алдын бойынша ұсыныстар мен кеңестер берілді. Ата-аналар тарапынан өздерін мазалайтын сұрақтарын қойып, тақырып төңірегінде жауаптар алды.

2022-01-18 14:52:29

Скачать Смотреть

3 тоқсандағы мектептегі оқушы контингентіне қарай оқу форматтары

3 тоқсандағы мектептегі оқушы контингентіне қарай оқу форматтары

2022-01-18 14:37:09

Скачать

Көктайғақ кезіндегі қауіпсіздік шаралары /жадынама/

Құлау мүмкіндігін азайту үшін мұзды жағдайда келесі мінез-құлық ережелерін сақтау керек: Микрокеуекті табаны бар тайғақ емес аяқ киімді таңдап, биік өкшелі аяқ киімдерден аулақ болыңыз. Аяғыңыздың астына қараңыз, қауіпті жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Мұзды «шұңқырды» айналып өту мүмкін болмаса, онымен шаңғышы сияқты, шағын сырғанау қадамдарымен қозғалыңыз. Жолда өте сақ болыңыз: асықпаңыз, сонымен қатар жүгірмеңіз. Көлбеу беті бар барлық жерлерді айналып өтуге тырысыңыз. Сіз бүкіл табаны басып, тізедегі аяқтарыңызды аздап босаңсуыңыз керек. Қолыңызды мүмкіндігінше бос ұстаңыз, ауыр сөмкелерді көтермеуге тырысыңыз, қолыңызды қалтаңызға салмаңыз - бұл құлау ықтималдығын арттырады. Егде жастағы адамдарға резеңке ұшы бар таяқ немесе үшкір ұштары бар арнайы таяқшаны пайдалану ұсынылады.

2022-01-18 14:35:05

Скачать

«Құжаттарды сканерсіз сканерлеу. Терудің жылдам әдісі» цифрлық сабағы өткізілді...

18 желтоқсан күні мектеп педагогтері арасында /пән мұғалімдері, тәрбиешілер/ «Құжаттарды сканерсіз сканерлеу. Терудің жылдам әдісі» цифрлық сабағы өткізілді. Мақсаты: педагогтердің АКТ құзырлығын жоғарылату. Мұғалімдер сканер құрылғысы болмаған жағдайда, смартфон арқылы қолжетімді бағадарламалар мен қосымшалардың функция, мүмкіндіктерімен танысты, сонымен қатар пернетақтада мәтінді қалай жылдам теруге үйренуге болатыны туралы нұсқаулықтармен танысты.

2022-01-18 14:06:09

Скачать

бiрiншiсi 1 16 17 18 19 20 61 соңғысы