Дәреже: Все

8 наурыз мерекесімен құттықтау...

8 наурыз - жылдың ең аяулы, жарқын және тамаша күні! Құрметті арулар, шаңырақтарыңыз бен өмірлеріңіз жылулыққа толы болсын. Табиғаттың әсемдігі шабыт берсін. Көктемнің басы өмірлеріңіздегі өте қалаулы және әдемі оқиғаның бастамасын білдірсін! Мейрамдарыңызбен!

2023-03-06 16:51:42

Скачать

Алғыс күнімен құттықтау...

Қымбатты әріптестерім, біз көп уақытты бірге өткіземіз, сондықтан мен сіздерді менің отбасым деп айта аламын. Сіздер менің жұмыс істейтін отбасымсыз, және кез келген отбасы сияқты бізде бәрі бар - ортақ қуаныштар, ортақ жеңістер, кейде жанжалдар мен түсініспеушіліктер де болады. Сонда да біз бір бола аламыз. Біз әрқайсымыз жеке тұлға болғанымызға қарамастан, ортақ тіл табуды білеміз. Біз достасуды және көңіл көтеруді білеміз. Бір-бірімізбен кездескенде қуаныш көретіндей өмір сүрейік. Менің өмірімде болғандарыңыз үшін рахмет.

2023-03-01 15:56:57

Скачать Смотреть

Мектеп инспекторының қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың мектептегі терроризм туралы көрінеу жалған хабарламалары үшін жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел...

«Құқықтық навигатор» тақырыптық апталығының 4-күні 16 ақпан күні «Кәмелетке толмағандардың мектептегі терроризм фактілерін біле тұра жалған хабарламалар үшін жауаптылығы» тақырыбында әлеуметтік педагог Катенова А. К. ұйымдастыруымен және мектеп инспекторы Касымжанова А. К. қатысуымен 8-10 сыныптарға дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру; жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу.

2023-03-01 15:28:39

Скачать Смотреть

«Әлем балалардың көзімен» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды...

17-22 ақпан күндері аралығында «Әлем балалардың көзімен» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мектебіміздің 2-4 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар сурет көрмесіне белсене қатыса отырып, эстетикалық талғаммен салынған суреттерін көрмеге ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар марапатталды.

2023-02-22 16:31:27

Скачать Смотреть

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында видеопрезентациялар байқауы ұйымдастырылып өткізілді...

2023 жылдың 13-17 ақпан аралығында 9-10 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында видеопрезентациялар байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқаудың барлық шарттарын дұрыс орындаған сыныптардың жұмыстарына лайықты орындар берілді. Атап айтсақ: І орын – 9 Ә сынып; ІІ орын – 9 А сынып.

2023-02-21 11:26:12

Скачать Смотреть

Қамқоршылық кеңесінде директордың баяндамасы,30 желтоқсан 2022...

Қамқоршылық кеңесінде директордың баяндамасы,30 желтоқсан 2022...

2023-02-20 17:53:54

Скачать Смотреть

«Тест құрастыру платформаларының қолдану тиімділігі» атты тақырыпта семинар ұйымдастырып өткізілді

Пән мұғалімдері Г. А. Уркен, О. М. Елемес, А. Жаңғазықызы, А. М. Малибекова бірлесіп «Тест құрастыру платформаларының қолдану тиімділігі» атты тақырыпта семинар ұйымдастырып өткізді. Осы семинарда мұғалімдер келесі платформалармен танысты...

2023-02-16 14:32:58

Скачать Смотреть

Ата-аналар назарына!!!...

Бірінші сыныпқа баратын балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүзеге асырылады. Білім беру ұйымдары бірінші сыныпқа алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толған балаларды қабылдауды қамтамасыз етеді.

2023-02-14 11:16:09

Скачать Смотреть

«Электронды темекінің зияны» тақырыбында өткізілген вебинарға қатысты...

3 ақпан күні Қарағанды облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары және мектеп дәрігері М. Сагимбекова ZOOM платформасы арқылы «Электронды темекінің зияны» тақырыбында өткізілген вебинарға қатысты. Вебинар барысында оқушылар темекінің адам ағзасына зиянды екені туралы мағлұматтар алып, сұрақтар қойды.

2023-02-06 16:18:39

Скачать

Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 бұйрығы

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

2023-01-31 14:09:10

Скачать Смотреть

Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 533 бұйрығы

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

2023-01-31 14:07:34

Скачать Смотреть

ЖИТС орталығы мамандарымен кездесу…

25 қаңтар күні мектебімізге қалалық ЖИТС орталығы мамандары келіп, оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында дәрігер-эпидемиолог А. А. Батырбекова оқушыларға ЖИТС және ВИЧ инфекциясының жұғу жолдары, ол аурудан қалай сақтануға болатынын және қазіргі таңда хайпқа айналып отырған электронды темекі жайлы тұшымды ойлар айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

2023-01-25 18:20:36

Скачать Смотреть

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 61 соңғысы