Жазғы мектепті ұйымдастыру туралы

Дәреже: 2022 жылы жазғы мектептер жұмысын ұйымдастыру туралы

"Жазғы мектеп - 2022". Қорытынды

26 мамыр - 17 маусым аралығында "Жазғы мектеп" өз жұмысын жүргізді. «Жазғы мектепте» оқушылар үшін физика, әдебиеттік оқу, ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі, жаратылыстану, биология, химия, математика сабақтары кестеге сәйкес жүргізілді. Жазғы мектеп кезінде оқушылар білімін шыңдап қана қоймай, дене қабілеттерін дамытып, шығармашылық қабілеттерін арттырды.

2022-07-11 23:51:11

Скачать Смотреть

Қалалық тарихи-өлкетану музейіне саяхат...

16 маусым күні “Жазғы мектептің” 5-6 сынып оқушылары қалалық тарихи-өлкетану музейіне саяхатқа барды. Саяхат барысында оқушылар музейдің тарихи және архитектуралық ескерткіш болып табылатынын білді. Музейдегі аралау алғашқы адамдардың еңбек және аң аулау құралдарынан құралған экспонаттармен танысудан басталды, саяхат жүргізуші балаларды біздің қаламыздың табиғатымен, жануарлар әлемімен таныстырды. Балалар біздің өңірде мекендейтін ірі және ұсақ жабайы дала аңдарымен танысты. Балалар киіз үй жабдықтарын, еңбек құралдарын, ескі кұміс ақшаларды, музыкалық аспаптарды, сарбаздардың жарақтарын қызыға тамашалады. Саяхат балалардың бәріне өте ұнады. Олар білімдерін кеңейтіп, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.

2022-06-16 13:27:00

Скачать

26 мамырдан бастап "Жазғы мектеп" өз жұмысын бастады...

26 мамырдан бастап "Жазғы мектеп" өз жұмысын бастады. «Жазғы мектепте» оқушылар үшін физика, әдебиеттік оқу, ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі, жаратылыстану, биология, химия, математика сабақтары кестеге сәйкес жүргізіледі. Жазғы мектеп кезінде оқушылар білімін шыңдап қана қоймай, дене қабілеттерін дамытып, шығармашылық қабілеттерін арттырады.

2022-05-27 11:43:37

Скачать Смотреть

Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру жоспары

Жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру жоспары

2022-05-23 16:01:26

Скачать

Жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

1. Осы жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, оның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды қалпына келтіру және білімін толықтыру мақсатында әзірленді. 2. Жазғы мектеп орта білім беру ұйымының базасында 2022 жылғы 26 мамыр мен 17 маусым аралығында барлық білім алушылар үшін жұмыс істейді. 3. Осы Әдістемелік ұсынымдар ұсынымдық сипатта берілген.

2022-05-05 16:31:18

Скачать Смотреть

ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Оқу жылы дәстүр бойынша 25 мамырда аяқталады. Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қол қойды. Осыдан кейін 9 және 11 сынып оқушылары емтихан тапсыра бастайды. Ал қалған сынып оқушылары үшін 17 маусымға дейін жалғасатын жазғы мектеп ұйымдастырылады. Жазғы мектеп әдеттегі сабақтар форматында өткізілмейді. Оның орнына балаларға ыңғайлы болу үшін математика, ағылшын тілі, физика және т.б. негізгі пәндер бойынша икемді оқу кестесі ұйымдастырылады. Сабақтар мұражайларға және экскурсияларға бару сияқты өткізіледі.

2022-05-05 16:01:45

Скачать Смотреть