Размер шрифта:

Дәреже: Іс-шара

"Тоғыз айға 9-іс шара" тұжырымдама аясында "Дене сергіту" челленджі

8 қыркүйек күні мектебімізде "Тоғыз айға 9-іс шара" тұжырымдама аясында "Дене сергіту" челленджі ұйымдастырылды. Челлендж мақсаты: Білім алушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. #денешынықтыруминуты #менспорттытандаймын

2023-09-08 17:01:41

Скачать

«Білім күніне» арналған алғашқы сынып сағаттары

1 қыркүйек – «Білім күніне» арналған алғашқы сынып сағаттары өткізілді. 1- 4 сынып « Мектебім-мейірім мекені» 5-7 сынып « Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» 8-11 сынып « Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» Мақсаты: Білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлі және адам өміріндегі бір-біріне деген құрмет пен сенімнің рөлін талқылау. #Қарағандыоблысыбілім09 #uo_krg @orken.media @balkhashtv @severnoe_pribalkhashe_news @balqash_oniri_gazeti @balqash_qalasy_akimdigi @umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi

2023-09-06 10:32:41

Скачать

«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу іс шарасы

Мамыр айының 4 күні Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі және Жеңіс күні қарсаңында қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазу іс шарасына «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің мұғалімдері мен оқушылары белсенді қатысты. Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған іс шараның берер тәрбиесі мен тағылымы мол болды. #жалпыұлттықдиктант #Еркін ел ұрпағы» #қарағандыоблысыныңәкімдігі #ішкісаясатбасқармасы #тілдердідамытубасқармасы #krg.til

2023-05-04 15:46:39

Скачать

Ата-аналарға арналған мектеп асханасының Ашық есік күні

2023 жылдың 21 сәуірі күні Балқаш қаласы білім бөлімінің «әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ ата-аналар мен қонақтарға есігін айқара ашты. Бұл күні мектеп асханасының ашық есік күні өтті. Мектеп директоры С.Т.Сыздыкова қонақтар мен ата-аналарға мектептің контингенті мен тегін тамақ ішетін балалар туралы мәлімет берсе, қалалық білім бөлімінің әдіскері Б.С.Айтжанова жалпы мектептегі тамақтану тәртібі, оның ішінде тағамның құны, ас мәзірінің қайталанбайтындығын, үнемі қадағалауда болатындығын айтып өтті. Ата-аналар балаларының қайда және қалай тамақтанатынын, мектептің екі аптадағы беретін тамақтың түрлерімен танысты. Іс-шара барысында ата-аналар өздерін қызықтыратын сұрақтарына жауаптар алды. Соңында ата-аналар дайындалған тағамдар бойынша өз ойларын ортаға салып, тағамдардың дәмді және мөлшеріне сәйкес келетіндігін айтып ризашылықтарын білдірді. #Қарағандыоблысыбілім09 #ҚОББтәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @orken.media @balkhashtv @severnoe_pribalkhashe_news @balqash_oniri_gazeti @balqash_qalasy_akimdigi @umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi

2023-04-21 18:33:11

Скачать

Жоғары сыныптар арасында "Тәуелсіздік- аңсаған арман, қол жеткен мұрат" тақырыбында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты саптық жиын

Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға бағыт-баедар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында жоғары сыныптар арасында "Тәуелсіздік- аңсаған арман, қол жеткен мұрат" тақырыбында 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты саптық жиын өтті. Саптық жиын барысында желтоқсан ызғарында тәуелсіздік жолында мерт болған қазақ қыздары мен жігіттердің рухына, ерлігіне тағзым етіп, 1 минут үнсіздікпен еске алды. 8 "Е" сыныбының үгіт насихат тобы Тәуелсіздік, Желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беріп өтті. Жиын соңында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары құттықтау сөз сөйлеп, Қалкенов Нұрәлидің орындауындағы әнмен аяқталды. #Тәуелсіздіккүнібілім09; @balqash_qalasy_bilim_bolimi #РУМЦДОМОНРК #өзінөзібасқару09 #мектеп_парламенті

2022-12-15 16:17:17

Скачать

Күзгі демалыс кезінде ұйымдастырылған іс-шаралар

Күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, азаматтық ұстанымын, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында келесі іс-шаралар ұйымдастырылды. -«Күзгі бал» 9-10 сынып -Спорттық ойындар -Театрға бару -«My holidays» викториналық ойыны -«Hand made show» тақырыбында табиғи материалдардан жасалған көрме -«Жас Ұлан» жастар тынысы» ток шоуына -«Менің айналамдағы әлем» сурет байқауы -9 сынып оқушыларын Қазақмыс техникалық колледжінде кәсіби сыныққа қатысуға шақырамыз. -«Әрбір бала-бір жұлдыз» концерттік бағдарлама. -«Қызықты кітаппен демалыс» видео жарнама байқауы. -7-8 сыныптар арасында КВН ойыны -Құқықтық білім беру сағаты -Күзгі баққа саяхат -«Жарқыра шоқ жұлдыз» атты ән байқауы -«Кім алғыр? танымдық ойын. -«Қоқыс және оның екінші өмірі» көрмесі. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #балаларжылы09 #годребенка @uo.krg @umckrg #karagandyoblysybilimbaskarmasy

2022-11-02 21:52:53

Скачать Смотреть

«Мен – өз Отанымның патриотымын» тақырыбында сынып сағаттары

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі. Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды. Мерейлі мереке қарсаңында Балқаш қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 1-11 сыныптар арасында «Мен – өз Отанымның патриотымын» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: Оқушыларды Ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту;

2021-12-20 00:47:52

Скачать

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар

2021-11-11 11:11:53

Скачать Смотреть