Мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету

Дәреже: Мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету

2021 жылдың 9-ақпанында Семей қаласының физика-математика бағытындағыа Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен математика мұғалімдерінің «Қ.Н.Нұрсұлтанов оқулары» атты ІІІ республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

2021 жылдың 9-ақпанында Семей қаласының физика-математика бағытындағыа Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастыруымен математика мұғалімдерінің «Қ.Н.Нұрсұлтанов оқулары» атты ІІІ республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция төмендегідей секциялардан тұрады: 1-секция: Математика мұғалімінің іс-әрекеттегі зерттеуі: перспективалары мен проблемалары. 2-секция: Өңірлік ғалым-математиктердің еңбегін оқу процесі арқылы насихаттау. 3-секция: Қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктері мен сын-қатерлері. Конференцияда мектеп-лицейіміздің математика пәні мұғалімі Малгаждарова Асель Имантаевна өз іс-тәжірибесімен бөлісті. 1-секцияда «Кейс технологиясының математика сабақтарында қолданысы мен тиімділігі» тақырыбындағы баяндамасын көпшілік назарына ұсынды. Баяндама өзекті болып танылып, жинаққа енді.

2021-02-19 15:29:41

Скачать

"Биология пәнінен олимпиадаға дайындық" тақырыбында онлайн оқыту курсы жүргізілді

"Биология пәнінен олимпиадаға дайындық" тақырыбында онлайн оқыту курсы жүргізілді

2020-12-09 16:06:46

Скачать Смотреть

"Биология пәнінен олимпиадаға дайындық" тақырыбында онлайн оқыту курсы жүргізілді

"Биология пәнінен олимпиадаға дайындық" тақырыбында онлайн оқыту курсы жүргізілді

2020-11-18 12:30:11

Скачать Смотреть

2020 жылдың 10 қазанында Қарағанды қаласындағы педагогикалық шеберлік орталық филиалының директоры Егізбаев Аят Жақсыбекұлымен кездесу өтті.

2020 жылдың 10 қазанында Қарағанды қаласындағы педагогикалық шеберлік орталық филиалының директоры Егізбаев Аят Жақсыбекұлымен кездесу өтті. Мектеп-лицейіміздің үйлестірушісі Садвокасова Айгул Тимуровна жетекші мектептің қызметі, серіктес мектептерге қолдау көрсету мақсатында атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды. Жетекші мектептің негізгі басымдық беретін қызметі-серіктес мектептерге алқаластық пен ынтымақтастықта атқарылған әдістемелік жұмыстарда туындаған мәселелерді ортаға салды. Кездесу барысында Аят Жақсыбекұлы білім саласындағы қандай болмасын жаңалықтар мен өзгерістерге ашық болу, сол бағытта белсенді шараларды жоспарлау, үнемі кәсіби даму керек екеніндігін айтты.

2020-10-14 12:24:58

Скачать Смотреть

Тәлімгерлік-жас маман тәжірибесін жетілдіру үдерісі

11 қыркүйек күні жас мамандарға олардың кәсіби маман ретінде қалыптасуына және әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ZOOM платформасында вебинар өткізілді. Кәсіптік қызметке алғаш рет кіріскен жас мамандарға тәлімгерлер тағайындалды.

2020-09-30 11:06:49

Скачать Смотреть

Жетекші жұмысын ұйымдастыру

✅ 2020 жылдың 19 қыркүйек күні «Әлихан Бөкейханов атындағы Балқаш қаласының №15 мектеп-лицейі» КММ ұйымдастыруымен НЗМ ДДБ ұйымдары, Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген бағдарламалар бойынша жаңартылған білім мазмұнын енгізу аясында курстан өткен мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау көрсету мақсатында жетекші мектептің жұмысын ұйымдастыруға арналған семинар өткізілді. Семинарға Балқаш қаласының білім бөлімінің әдіскері К.К.Айнабекова, төмендегі мектептердің оқу ісінің орынбасарлары мен мектеп үйлестірушілері қатысты. Олар: ✏️ "Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей" КММ ✏️ «Балқаш қаласы жалпы білім беретін №5 орта мектебі" КММ ✏️ "Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектеп" КММ ✏️ «Сәкен Сейфулин атындағы №7 мектеп гимназиясы» КММ ✏️ «Балқаш қаласының Ы.Алтынсарин атындағы ЖББ №25 орта мектебі» КММ Семинар барысында жаңа оқу жылынды жетекші мектептің тірек мектептермен бірлесе отырып атқарылатын жұмыстың бағыттары талқыланып, болашақта педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда қандай жұмыстар жүргізуге болатындығы айқындалды. Биылғы оқу жылында негізгі мақсат «Қашықтықтан оқыту үрдісінде жаңартылған білім мазмұны бағдарламасын ықпалдастыра отырып, білім сапасын арттыруға ықпал ету» .

2020-09-30 09:56:55

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 2 кел. соңғысы соңғысы