Размер шрифта:

Дәреже: Все

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі шаралар туралы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу жөніндегі шаралар туралы

2023-12-12 09:56:07

Скачать Смотреть

Мектепішілік бақылау жоспары 2023-2024 оқу жылы Тамыз-қыркүйек айы

І. НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ЖӘНЕ ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС МЕКТЕП ҚҰЖАТТАМАСЫНЫҢ ЖҮРГІЗІЛУІН БАҚЫЛАУ

2023-12-06 12:56:50

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты.

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, «Талап» ұлттық құндылығын қалыптастыру бойынша 06.12.23ж 4-сынып оқушыларына «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Адам өміріндегі құндылықтар» тақырыбында іс-шара өтті. Оқушылармен адамзат құндылығы,отбасы құндылығы туралы ойларын айтып, топтық жұмыстар орындалды. Тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Қарағандыоблысыбілім09 #ҚОББтәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg@balqash_qalasy_bilim_bolim

2023-12-06 12:45:51

Скачать Смотреть

Ақпарат

05.12.23 күні Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, Ар – Ұят, әдеп нормаларын ұстану құндылықтар бағыты бойынша «Ұлағат» әкелер ұйымының төрағасы Б.Рахымбеков, ұлдар ұйымының жетекшісі С.Ельшибеков «Дені сау балалар – ұлттың болашағы», тақырыбында ұл балаларға дәріс сабақ өткізді. Денсаулық – салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу – басты міндет. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ. Салауатты өмір сүру дегеніміз – әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әрекеттерден аулақ болу.Елдің айнасы – жастар. Егемендікті сақтайтын да – болашақ ұрпақ. Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешегі шыныққан, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын ұстанған ұрпаққа байланысты. Кез келген мемлекеттің басты байлығы – адам және оның денсаулығы екені айтылды.

2023-12-05 10:53:28

Скачать Смотреть

Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті, бейәлеуметтік және тәуелділік жүріс-тұрыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті, бейәлеуметтік және тәуелділік жүріс-тұрыстардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

2023-12-04 15:15:37

Скачать Смотреть

Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы

Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы

2023-12-04 15:13:49

Скачать Смотреть

«Электронды темекінің зияны» тақырыбында өткізілген дәрістің ақпараты

2023 жылдың 4 желтоқсаны күні құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 7-9 сынып оқушыларына мектеп инспекторы А.Нұрбек, «Ұлағат» әкелер ұйымының төрағасы Б.Рахымбеков, ұлдар ұйымының жетекшісі С.Ельшибеков «Электронды темекінің зияны» тақырыбында дәріс өткізілді. Мақсаты: темекі шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, темекі улы екенін айтып, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу. Оқушыларды зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу. Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие #ҚОББТӘРБИЕ #uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi @rumcdo_official @umckrg @balqash_qalasy_akimdigi @balqash_qbb

2023-12-04 14:29:15

Скачать

«Зорлық-зомбылық балалық шақ» бойынша іс-шараның ақпараты

Қазан айында әлеуметтік педагогпен мектеп психологы 5-11 сынып оқушыларымен «Зорлық-зомбылық балалық шақ» тақырыбында тренинг іс-шара өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау. Оқушыларға Бейнероликтер корсетілді. https://www.youtube.com/watch?v=Fc1MehsN7ek

2023-12-04 10:29:02

Скачать Смотреть

Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет ЕРЕЖЕСІ

Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет ЕРЕЖЕСІ

2023-12-04 10:25:34

Скачать Смотреть

Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2022 жылғы 25 тамыздағы № 377 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 26 тамызда № 29288 болып тіркелді.

2023-12-04 10:24:49

Скачать Смотреть

«Балалардың желідегі қауіпсіздігі буллинг және кибербуллинг» ақпараты

28.11.2023 күні 5-10 сынып оқушыларына және ата-аналарына «Әлімжеттік және буллинг дегеніміз не»?тақырыбында қысқаша материалдарды ватцап чаттарға видео жіберілді. Мақсаты: әрбір баланың табысты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау,физикалық,психикалық және психологиялық денсаулығын сақтау.Міндеттері: • білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша мұғалімдер мен ата-аналарға сауатты көмек көрсету;• оқушылар арасында девиантты мінез-құлық құбылыстарының алдын алу;• коммуникативті дағдыларды дамыту, жасөспірімдерде өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру;• жанжалды бейбіт түрде шешуді үйрету дағдыларын қалыптастыру. Буллинг (bullying) – ағылшын тiлiнeн аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дeгeндi бiлдiрeдi. Адам үйдe, мeктeптe, автобуcта нeмece интeрнeттe, жалпы айтатын болcақ, кeз кeлгeн жeрдe буллингкe ұшырауы мүмкiн. Бұл кeз кeлгeн адамның баcында болатын жағдай. Буллинг әр түрлi мағынаны бiлдiруi мүмкiн. Ол: • адамды мазақтау, қорлау, cоқтығыcу • оның ақшаcын нe баcқа заттарын тартып алу, оларды бүлдiру • cол жайында өceк тарату • оны eлeмeу нeмece жeкeлeту • рeнжiтeтiн, жаман әзiл айтып, баcқа адамдардың алдында ыңғайcыз жағдайға қою • ұрып-cоғу, тeпкiлeу, итeру нeмece баcқаша зақым кeлтiру сөзі шет тілінен аударғанда @uo_krg@#balgash_galasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие Педагог-психолог: Дулатова Т.Т

2023-12-04 10:22:50

Скачать Смотреть

"ҰБТ-да балаға психологиялық қолдау көрсету"сынып сағаты

Қазіргі таңда елімізде мектеп бітіруші түлектеріне арналған ҰБТ-ға психологиялық қолдау көрсетудің бірыңғай моделі жоқ. Психологтар өздерінің тәжірбиесіне және психологиялық теориялық білімдеріне сүйене отырып көмек көрсетіп келеді. ҰБТ-ға байланысты мектеп тарапынан болатын қысым немесе мектеп «абыройы үшін» деп оқушыларға түрлі үгіт-насихат жургізу мектеп басшыларының, ұстаздардың баланың психикалық даму ерекшеліктерімен санаспайтынының белгісі. Осы кезде ата-ана баласының түрлі сәтсіздіктерге төтеп бере алатындай иммунитетін қалыптастырып, үнемі ашық сөйлесіп, шынайы жанашырлық таныта білуі керек. Ата-ана да, ұстаздар қауымы да ҰБТ-дан алған бағасы үшін баланың өз-өзіне деген сенімділігін төмендетпеуі қажет. Жасыратыны жоқ, кейде ата-ана онсыз да үрейленіп жүрген баласымен қосылып, оның қорқынышын одан әрі үдетіп, оның бойында қорқыныш қалыптастырады. Бала мен ата-ана арасында жылы психоэмоционалды байланыс болса, бала қолдауды сезсе, өзіне сенімді болады, Ата- анаға кеңес: Баланың жүрістұрысына жіті мән беру. Баланың психикалық даму ерекшелігін естен шығармау. Оны тыңдай алу, сөзіне мән беріп, әңгімені кейінге қалдырмау. Баланың жеке кеңістігіне қол салмау, шешімдеріне сыйластықпен қарау. Шамасы келмейтін, өресіне сыймайтын талап қоймау. Жасөспірімдік кезде болатын өтпелі кезеңде мінезқұлқында гормондық дамуға байланысты болатын өзгерістерді есепке ала отырып, қарым-қатынас жасау. Баламен қарымқатынаста жиі түсініспеушілік жәйттер орын алатын болса маманның кеңесіне жүгіну. Баланың дайындығына қойылатын арнайы бекітілген талап жоқ, дегенмен сақталуы керек бірқатар ережелер бар: Күн тәртібін жоспарлап қою. Уақытты тиімді пайдалану. Дұрыс, дұрыс тамақтану. Осыған атаана көбінесе жүрдім-бардым қарайды. Құнарлы, нәрлі, уақтылы тамақтану адам денсаулығына, көңілкүйіне оңды әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Ой еңбегінде дұрыс тамақтану өте маңызды. Отбасында жыжыл, жаймашуақ орта қалыптастыру. Дене жаттығуын жасату. Уақытында ұйықтатып, ұйқысын қандыру. «Баламыз күні-түні бас алмай кітапты жастанып ұйықтайды, әбден титықтады». Мұндай дайындықтан нәтижеден жоғары нәтиже шығады деу қиын. Күн тәртібі сақталмаса, ол стресс алуы мүмкін. Қолы бос кезде: Сүйікті ісімен айналысу. Таза ауада серуендеу; Үй шаруасына көмектесу; Өзіне жүктелген міндеттерді атқару; Кітап оқу; Достарымен араласу т.с.с Тамақтануы, ұйқысы бұзылса, оның себебін анықтау керек. Ол психикалық жарақат салдарынан болуы мүмкін.Жасөспірім шақта белгілі-бір мінез-қырлары айқын көрініс табады, соның салдарынан түрлі қиыншылықтар туындайды. Сондықтан бей-жәй қарамаңыз. Қанша уақытқа созылды? Соған мән беріңіз. Егер нақты бір жәйт әсер еткеннен кейін үйде қолдау көрсетілсе де оң өзгеріс болмаса, арнайы маманның (психолог, психотерапевт) кеңесіне жүгінген абзал. Стресс пен күйзеліске түскен балаға қалай көмектесеміз? Жақын тартып байыппен сөйлесу; Көңілкүйіне назар аудару; Мәнжайды анықтау; Баладағы өзгеріске сақтықпен қарау; Өз проблемасымен жалғыз қалдырмау; Проблемасына түсіністікпен қарап, сонымен бірге екенін білдіру; Көңілін аулау; Қызығушылығын ояту; Психологиялық қолдау көрсету; Стресске қарсы тәсілдерді – серуендеу, музыка тыңдау, дене жаттығуларын іске асыру.

2023-12-04 10:21:03

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 2 3 4 5 6 60 соңғысы