Размер шрифта:

Category: Все

«Қазақстандағы код сағаты» акциясы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі окушылардың ақпараттық технологияларға, соның ішінде Колданбалы бағдарламалауға қызығушылығын арттыру мақсатында 2022 жылдың 5-9 желтоқсан аралығында бір аптаға созылатын халықаралық «Компьютерлік ғылымдар апталығы» аясында «Қазақстандағы код сағаты» акциясы басталды. Мектебіміздің оқушылары информатика сабақтарында акцияға белсене қатысып, «Жасанды интеллект» тақырыбы бойынша білімдерін толықтырды. Сабаққа қызығушылықты ояту мақсатында оқушылар https://quickdraw.withgoogle.com, https://www.autodraw.com/ сияқты сервистерінде тапсырмалар орындады. Одан кейін https://hourofcode.kz/ сайтына тіркеліп, жасанды интеллектіні оқыту, үйрету бойынша қызықты тапсырмаларды орындады.

2022-12-22 12:37:35

To download To watch

«Жемқорлық індет-жою міндет»

22.12.2022 күні 9-11 сынып оқушылары «Жемқорлық індет - жою міндет» тақырыбында плакаттар жасап,өз пікірлерін білдіріп талқыланды. Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мақсатында ұйымдастырылды.

2022-12-22 10:38:56

To download To watch

«Адалдық сағаты»

Мектебімізе 19.11.22 күні күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл туралы» Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру «Адалдық сағаты» өткізілді. Оқушылаға «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлымен түсірілген бейнеролигі көрсетілді.@uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-12-20 10:58:51

To download To watch

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 5-9 сынып қыздарымен өткізген «Қазақ қызы қайдасың?» атты психологиялық іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 20.12.22 күні мектеп психолгі 5-11 сынып қыз балаларымен «Қазақ қызы қайдасың?» атты тренинг өткізді. Қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез – құлық сипатын қалыптастыру, оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру мақсатында өткізілген іс-шарада әр-түрлі психологиялық жаттығулар орындалды. Қыздарды кез келген жастар ортасында, ағымында болған жағдайда да өздерінің әлеуметтік ортаның нормасына сәйкес қыз бала бейнесін сақтап қалуға көмектесуге арналған «Хиппи» жаттығуы орындалды. «Мен басқаның көзімен» жаттығуында оқушылар бір қызды таңдап сол қыздың бойындағы мінезін айтады. Қыздарға кеңес тақырыбында өлең жолымен кеңестер берілді. Тренинг қыздардың көңіл – күйлерін көтерді. Әр оқушының бойында сенімділік пайда болды. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova Мектеп психологы: Сатимбекова Р.М.

2022-12-20 10:27:46

To download To watch

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 15.12.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» кітап оқу марафонында 7 сынып оқушылары Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повестін оқып, талқылады. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-12-15 15:08:50

To download To watch

Ақпарат

Желтоқсанның 12 күні Балқаш қаласы білім бөлімінің №9 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің ұжымы «Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингінің нәтижелері» бойынша республикалық семинарға қатысты. Семинарда ББЖМ әр өңір бойынша 4 және 9 сыныптардың жазған жұмыстарының қорытындысын шығарып, білім берудің әлді және осал тұстарына назар аудару керектігі туралы айтылды. Семинарға ұжымымыздың 4 және 9 сыныптарға сабақ берген барлық педагогтері және әкімшілік қатысты.

2022-12-13 15:37:03

To download To watch

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 12.12.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» кітап оқу марафонында 7 сынып оқушылары Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повестін оқып, талқылады. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #AskatAimagambetov #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2022-12-13 14:44:34

To download To watch

«Ұлтын оятқан Ұлы тұлғалар» атты кітап көрмесі

06.12.22ж №9 ЖББ мектеп кітапханасында Азаттық аңсаған Алаш арыстары, Алаш қозғалысының 105 жылдығына арналған «Ұлтын оятқан Ұлы тұлғалар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Биыл еліміз Алаш қозғалысының құрылғанына 105 жыл толуын атап өтуде. Алаш қайраткерлері ұлттық мемлекеттіліктің негізін қалады. Бұл қазақ халқының тарихындағы маңызды оқиға Кітап көрмесінің мақсаты – өмірі қазақ халқының егемендігіне арналған «Алаш» идеяларының маңыздылығын, «Алаш» қайраткерлерінің, олардың мұрагерлерінің рөлін тәуелсіз Қазақстан тұрғысынан ашу.

2022-12-09 14:41:18

To download To watch

Сыбайлас жемқорлық және қоғам

Мектебімізде 08.12.2022 күні Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай парламент ұйымының ұйымдастырумен “Cыбайлас жемқорлық және қоғам” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастырып, құқықтық сауаттылығын арттыру, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу, мақсатында ұйымдастырылды.

2022-12-08 17:10:36

To download To watch

Ақпарат

Қараша айының 16-күні 9-11сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиені қалыптастыру» атты тақырыпта үздік бейнебаян сайысы ұйымдастырылды. Аталған тақырыпқа оқушылар бейнебаян жасады. 9 «ә» сынып оқушыларының жасаған бейнебаяны «Ең үздік» деп танылды.

2022-12-07 16:51:23

To download To watch

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі

2022-12-06 15:06:01

To download To watch

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 6- сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 7.12.22 күні мектеп психолгі 6-сынып оқушыларымен коммуникативті мәдениетін дамыта отырып, оларға қарым-қатынас жасау тәсілін үйрету мақсатында психологиялық тренинг өткізді.Оқушылар «Менің эмоциям» жаттығуында артистік қабілеттерін белсенді көрсетіп, өздерін еркін сезінді. «Өз эмоциянды қалай басқару керек» тақырыбында мини-лекция тыңдалды. Жағымсыз эмоцияны қалай кетіруге болатыны жөнінде жаттығулар көрсетілді. Зейінді дамыту, эмоциялық қатаюдан арылту, көңіл-күйді көтеру мақсатында жаттығулар өткізілді. Психолог: Сатимбекова Р.М.

2022-12-06 09:35:39

To download To watch

First 1 15 16 17 18 19 60 Last