Дәреже: Все

«Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары» шығарма байқауының ақпараты

Мектебімізде 28.10.2022 күні «Сыбайлас жемқорлық және сыбайлас жемқорлықтың салдары» тақырыбында 11 – сынып оқушылары шығарма жазды. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мүмкіндігін көрсету, құқықтық сауаттылық негіздерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

2022-10-29 09:42:15

Скачать Смотреть

Нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың ақпараты

Мектебімізде нашақорлықтың алдын алу мақсатында мектеп фойесіне ақпараттық стенд қойылып, мектеп оқушыларына таныстырылды. Оқушыларға жаман әдеттен аулақ болуға, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында, сонымен қатар жасөспірімдерге зиянды әдеттер өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерте отырып, есірткі, ішімдік, темекі, электронды темекімен ұсталғанда қолданатын шаралармен таныстырылды. #балаларжылы09 #годребенка09

2022-10-28 11:32:52

Скачать Смотреть

«Адал болу адамға не үшін қажет» эссе ақпараты

Мектебімізде 27.10.2022 күні «Адал болу адамға не үшін қажет» тақырыбында эссе байқауы өтті. Эссе байқауына 10 – сынып оқушылары қатысты. Көрнекті тарихи және заманауи қайраткерлердің мысалында жастарға адал және сатылмайтын жұмыс арқылы жетістікке жетуге болатындығын айтып түсіндірді. Адалдық - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы жайында ақпарат берілді.

2022-10-28 10:21:51

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 6-сынып қыз балаларымен «Мен ғажаппын!» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 27.10.22 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 6 - сынып қыз балаларымен жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, эмоционалды көңіл – күйлерін көтеру мақсатында тренинг өткізді. «Бәрі мен туралы» атты жаттығуда өздерінің қызығушылықтарымен бөлісіп, «Мен ғажаппын» бөлімінде ортаға шығып ерекше қасиеттерін айтты. Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, сұлулығын жоғары қоя білуді, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамытып, зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескертті. #Балаларжылы09 #balkash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие#@umckrg!

2022-10-27 16:28:45

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектеп кітапханасында 26.10.22ж «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Оқы да, жеңіске жет!» атты кітап оқу марафонында 7 Б сыныбы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін оқып мазмұндаса, 11 сынып оқушылары Ілияс Есенберлиннің «Қаһар» шығармасын оқып, өз ойларын ортаға салды.

2022-10-27 09:31:31

Скачать Смотреть

«Жас қыран» ұлдар ұйымының ақпараты

26.10.22 күні 1-4 сынып оқушыларына «Әлімжеттік жасау – әлсіздік» тақырыбында «Жас қыран» ұлдар ұйымының жетекшісі С.Ельшибеков ұлдар жиналысын өткізді.Оқушыларға салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі- бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу екендігін түсіндіріп өтті.Сонымен қатар балалардың күз мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтау жайында ақпараттар берді.

2022-10-26 15:02:16

Скачать Смотреть

Нашақорлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстардың ақпараты

2022 жылдың 18 қазаны күні құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша Балқаш қаласы ПБ ЖПКБ полиция капитаны Касымжанова Анар Кожановна 7-11 сынып оқушыларына «Жас өспірім және Заң» тақырыбында дәріс өткізді. Дәрісте оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдептілікке, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Сонымен қатар жасөспірімдерге зиянды әдеттер өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерте отырып, есірткі, ішімдік, темекі, электронды темекімен ұсталғанда қолданатын шаралармен таныстырды. #балаларжылы09 #годребенка09

2022-10-26 14:41:37

Скачать Смотреть

«Жас қыран» ұлдар ұйымының жиналысы

Мектебімізде 7 қазан күні «Ұлағат» әкелер ұйымының төрағасы Б.Рахымбеков «Ұл бала- ұлт қорғаны» тақырыбында 7-11 сынып оқушыларына жиналыс өткізді. Салауатты өмір сүру салтын насихаттау, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру, отбасында да, қоғамдық ортадағы тәрбиеде де ер баланы еңбек етуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай сезімге тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.Үлкен ұрпақтың тәжірібиесі, өмірдегі беделі, ақыл-кеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі екеніне тоқталды.@uo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2022-10-26 14:39:19

Скачать Смотреть

Ата-аналар жиналысының ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 16.09.22 күні «Ата-ана баланың бас ұстазы» тақырыбында 1-9 сыныптың ата-аналарына жиналыс өтті. Жиналыста мектеп директоры Д.Жолдасова, Балқаш қаласы ЖПКБ ЮПТ учаскелік полиция аға лейтенанты Нұрбек Аян Алтайұлы, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Сагимбекова мектеп психологы Р.Сатимбекова, әлеуметтік педагог Ж.Төлеген «Ұлағат» әкелер кеңесі, «Мейірім» аналар мектебінің мүшелері қатысты. Барлық қатысқан ата – аналар саны – . Мектеп директоры Д.Жолдасова биылғы оқу жылындағы оқу үрдісі бойынша ерекшеліктерге тоқталды. Ата-аналарға құқық бұзушылықтың алдын алу, электронды темекі ата –ананың заң алдындағы жауапкершілігі жайында ақпарат берілді. 7-9 сынып ата аналарына «Мамандық таңдауға жеті қадам» тақырыбында баяндама оқылды. Тамақтануды ұйымдастыру және тегін ыстық тамақпен қаматамасыз ету уақыттары хабарланды. Оқушы бейнесі,оқушылардың сабаққа келу уақыты мен мектеп ережесі ескертілді. @uo_krg@#balqash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие#баларжылы09

2022-10-26 14:38:22

Скачать Смотреть

5-7 сынып оқушылар арасындағы «Оқырман отбасы» байқауы

Балқаш қаласы «№9 жалпы білім беретін мектебінде облыстық «Бір отбасы –бір кітап» акциясы аясында «Оқырман отбасы» байқауы 5-7 сынып арасында ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары өз отбасымен бірге көркем әдебиет кітаптарын оқу және отбасының балалармен қоса кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 5 Б сынып оқушысы Қайрат Назым отбасымен «Қобланды батыр» жырын жырын оқып, мазмұнын талқылады.

2022-10-26 09:52:46

Скачать Смотреть

5-7 сынып арасында «Оқырман отбасы» байқауы

Балқаш қаласы «№9 жалпы білім беретін мектебінде облыстық «Бір отбасы –бір кітап» акциясы аясында «Оқырман отбасы» байқауы 5-7 сынып арасында ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары өз отбасымен бірге көркем әдебиет кітаптарын оқу және отбасының балалармен қоса кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 7 Б сынып оқушысы Қайратұлы Абулхаким отбасымен Ғабит Мүсіреповтың «Қыз жібек» жырын оқып, мазмұнын талдады.

2022-10-21 12:35:24

Скачать Смотреть

5-7 сынып арасында «Оқырман отбасы» байқауы

Балқаш қаласы «№9 жалпы білім беретін мектебінде облыстық «Бір отбасы –бір кітап» акциясы аясында «Оқырман отбасы» байқауы 5-7 сынып арасында ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары өз отбасымен бірге көркем әдебиет кітаптарын оқу және отбасының балалармен қоса кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында 5 Ә сынып оқушысы Қайратұлы Юсуф отбасымен Ахмет Байтұрсыновтың «Қартайған арыстан» жырын оқып, мазмұнын талдады.

2022-10-21 12:30:13

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 19 20 21 22 23 61 соңғысы