Дәреже: Все

Ақпарат

09.10.2024 жылы 5 «Б» сыныбында психологиялық жаттығу сабағы болып өтті Тақырыбы:Эмоционалды қарым-қатынас ерекшеліктері. Эмоционалды байланыс орнату. Мақсаты: Оқушылардың эмоционалды қарым-қатынас жайымен таныстыру және жағымды эмоционалды байланыс орнату дағдыларын қалыптастыру

2024-12-09 16:15:44

Скачать Смотреть

«Қыздарға әсемдік жарасады» атты тренинг.

05.12.24 күні «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Халықаралық акция шеңберінде Біртұтас тәрбие бағдарламасының жоспарына сәйкес мектеп психологі Т.Дулатова 8- сынып қыз балаларына «Қыздарға әсемдік жарасады» атты тақырыбында тренинг өткізді.Өскелең ұрпақтың, қыздардың бойына сапалы білім мен саналы тәрбиені сіңіру, болашақ жар, ана екендіктерін ұғындыру, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау, адам баласының өмірінде болатын әрбір кезеңнің өз орны, өз уақыты бар екенін ұғындыру, қыз баланың ары мен абыройы, сыры мен сымбатын сақтауы, келешек өміріне даярлығы - қыз баланың болмысын биіктететін, оның тұлғалық ерекшеліктерін айқындайтын тәрбие мен Ұлттық құндылықтар туралы айтып өтті.Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие @balkhashtv @balqash_qalasy_akimdigi @umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi

2024-12-05 16:21:02

Скачать Смотреть

«Жемқорлық індет – жою міндет» тақырыбында сынып сағат ақпараты

Мектебімізде 02.12.24 күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлық індет – жою міндет», «Адал бол!» тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушыларға сыбайлас жемқор лық ұғымы, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы және тақырыпты ашатын бейнероликтер көрсетілді. «Адал ұрпақ қандай болу керек? Сыбайлас жемқорлық дегенімізді қалай түсінесіңдер? деген сұрақтар қойылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлға белсенді азаматтық ұстаным білдіруі қажет. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу әр адамның өз қолында екенін түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір азаматтың парызы және әр жеке тұлға белсенді азаматтық ұстаным білдіруі қажеттілігі жайында баса айтылды.

2024-12-02 21:46:03

Скачать Смотреть

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі №6

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі №6

2024-11-27 15:55:55

Скачать Смотреть

Ақпарат

23.11. күні Ұлттық бріңғай тестілеу орталығының маманы Айзада Екпінқызы келіп 11сынып оқушылары мен ата-аналарына жиналыс өткізілді. Ата-аналармен оқушыларға ҰБТ-ға байланысты ақпаратты жеткізді. Дәлірек айтсақ: 1. ҰБТ жалпы 2. Аудиторияға кіргізу тәртібі 3. ҰБТ ұзақтығы 4. ҰБТ-ны өткізу барысында тыйым салынған заттар 5. Аппеляция 6. Сынақ тестімен таныстыру Сонында ата-аналардың сұрақтарына жауап берілді. #Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие @balkhashtv @balqash_qalasy_akimdigi @umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi

2024-11-26 14:42:00

Скачать Смотреть

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткізілген «Бір сынып-бір кітап» атты кітап оқу марафонының ақпараты.

25.011.24ж «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Бір сынып – бір кітап» атты кітап оқу марафоны 4-8 сыныптар арасында жалғасын тапты. Мақсаты: Оқушылардың кітап оқу дағдысын қалыптастыру, кітапқа деген қызығушылығын артыру, кітап оқуға үндеу. #Қарағандыоблысыбілім09 #Біртұтас_тәрбие @balkhashtv @balqash_qalasy_akimdigi @umckrg @balqash_qalasy_bilim_bolimi

2024-11-25 14:54:00

Скачать Смотреть

«Буллинг және кибербуллингтен өзімізді қалай сақтаймыз?» ақпараты

Мектебіміздің педагог-психологы Т.Т.Дулатова 10-11 сынып оқушыларымен «Буллинг және кибербуллингтен өзімізді қалай сақтаймыз?» атты тақырыбында психолог сағаты өткізілді.Оқушыларға әлеуметтік желілерде және буллинг жағдайында қалай әрекет ету керек екендігі жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді және тақырыбқа сай тренинг өткізілді. Мақсаты: әрбір баланың табысты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау,физикалық,психикалық және психологиялық денсаулығын сақтау. Буллинг әр түрлi мағынаны бiлдiруi мүмкiн. Ол: • адамды мазақтау, қорлау, cоқтығыcу • оның ақшаcын нe баcқа заттарын тартып алу, оларды бүлдiру • cол жайында өceк тарату • оны eлeмeу нeмece жeкeлeту • рeнжiтeтiн, жаман әзiл айтып, баcқа адамдардың алдында ыңғайcыз жағдайға қою • ұрып-cоғу, тeпкiлeу, итeру нeмece баcқаша зақым кeлтiру Біртұтас_тәрбие#uo_krg@balqash_qalasy_bilim_bolimi@rumcdo_official@umckrg # #@umckrg #

2024-11-25 13:34:08

Скачать Смотреть

Педагогикалық кеңес №2 хаттамасы Күні:8.11.2024ж

Күн тәртібінде: №1 педагогикалық кеңес шешімінің орындалуы Сапаға бағытталған білім: 1-педагогикалық кеңесте қабылданған қаулылардың орындалуын туралы. 2. 1 LS сабағын зерттеу бойынша фокус-топтар қызметінің тиімділігін бақылау. 3. 1-тоқсандағы оқу процесінің мониторингінің қорытындысы (үлгерімі, ТЖБ және ТЖБ, бағдарламадан өтуі, білім сапасы, тәрбие саласы, бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстары туралы; Білім сапасын арттыру бойынша педагогтердің жұмыс тәжірибесін жинақтау) 4.Сыныптық-жалпылама бақылау. 1сыныптар ,5сыныптар 5. «Нысаналы мектеп» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар. 6.Зерттеу әлеуетін арттыруға бағытталған ғылыми-әдістемелік жоспардың бағыты

2024-11-21 16:47:47

Скачать Смотреть

Педагогикалық кеңес Хаттама №1

Педагогикалық кеңес Хаттама №1

2024-11-21 16:41:41

Скачать Смотреть

Ғылыми- әдістемелік жұмыс.

Ғылыми- әдістемелік жұмыс.

2024-11-21 16:37:09

Скачать Смотреть

Ақпарат

18.11.24 күні 8-11 сыныптарда «Адал ұрпақ» ұйымының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында эссе жазды. Оқушыларға «Сыбайлас жемқорлық» деген ұғымды түсіндіру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейтіп, жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

2024-11-19 09:42:03

Скачать Смотреть

Ақпарат

02.09.24 күні мектебімізде «Адалдық дүкені» жұмысын жалғастыруда. Мұнда оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдырып, есеп айырысады. Яғни, дүкенде сатушы жоқ, затты сатып алушылар өз-өздеріне қызмет көрсететін болады. Мұндай дүкендерді енгізу жастардың жағымды моральдық қасиеттерін, соның ішінде ішкі парасаттылық пен адалдықты тәрбиелеуге бағытталған. Бұл факторлар "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитетті" қалыптастыруға тікелей әсер етеді.

2024-11-18 14:08:41

Скачать

бiрiншiсi алдың. 1 2 3 65 соңғысы