Психологтың жұмысы

Дәреже: Психологтың жұмыстары

«Өмірлік дағдылар» атты ата-аналар форумы

28.05.22 күні «Өмірлік дағдылар» атты үш алаң бойынша ата-аналар форумында, мектеп психологі С.Абеуова "Ана, сен бақыттысың" тақырыбында тренинг өткізді.Қала мектептерінің аналар кеңесінің мүшелері қатысты.

2022-05-30 14:40:41

Скачать Смотреть

«Емтиханға 1-ай қалғанда» ақпарат

Мамырдың 11 жұлдызында мектеп психологы Садуакасова Ф.Ж 9-сынып оқушыларына «Емтиханға 1-ай қалғанда» атты тренинг өткізді.Тренингтің мақсаты оқушыларды емтихан тапсыру кезінде өзін қалай ұстау ережесімен,жігерлендіру жаттығуларымен оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, қалай депрессиядан арылуға болатыны айтып «алғашқы көмек», «10сөз», «жағдайлар», «бір-бірімізді тыңдай білейік» атты жаттығулар өткізді.

2022-05-11 11:28:09

Скачать Смотреть

«Талабыңа нұр жаусын» дарынды оқушыларға арналған тренингі

27.04.22- жұлдызында мектеп психологы: С.Абеуова 3-сынып оқушыларына «Талабыңа нұр жаусын» дарынды оқушыларға арналған тренингін өткізді. Дарындылық және қабілет ұғымы туралы түсінік беріліп, өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі тануына мүмкіндік жасалды. Тренинг арқылы бір-бірімен жағымды қарым-қатынас орнатылды. Іс-шара шаттық шеңберімен бастау алып,«Кім екенін тап», «Түрлі-түсті шарлар», «Достық сақинасы», «Суретті аяқта және жалғастыр» ойындарымен оқушылардың көңіл-күйлері серпіліп,қызығушылықтары арта түсті.

2022-04-28 10:49:34

Скачать Смотреть

«Ұстаз күннің құдыретті сәулесі» Ақпарат

27.04.22 жұлдызында мектеп психологы Ф.Садуакасова «Ұстаз күннің құдыретті сәулесі» атты тренинг өткізді. Мұғалімдердің эмоционалды көңіл күйлерін көтеріп, психологиялық ахуал тудырып,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында өткізілді. Шеңбер құрып сәлемдесу жаттығуымен басталды. «Жасырын хат, ойлан тап!», «Достық сақинасы», «Түрлі түсті шарлар», «Көрші» ойындарымен жалғасын тапты. Ұстаздардың көңіл-күйі көтеріліп, эмоционалды әсерге бөленді.

2022-04-27 13:55:04

Скачать Смотреть

«Ұстаз күннің құдыретті сәулесі» Ақпарат

27.04.22 жұлдызында мектеп психологы Ф.Садуакасова «Ұстаз күннің құдыретті сәулесі» атты тренинг өткізді. Мұғалімдердің эмоционалды көңіл күйлерін көтеріп, психологиялық ахуал тудырып,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында өткізілді. Шеңбер құрып сәлемдесу жаттығуымен басталды. «Жасырын хат, ойлан тап!», «Достық сақинасы», «Түрлі түсті шарлар», «Көрші» ойындарымен жалғасын тапты. Ұстаздардың көңіл-күйі көтеріліп, эмоционалды әсерге бөленді.

2022-04-27 13:55:03

Скачать Смотреть

«Мен бос уақытымда немен айналысамын?» Ақпарат

Сәуірдің 6-шы жұлдызында мектеп психологтары Садуакасова Ф, Абеуова С Кибербуллинг бойынша «Мен бос уақытымда немен айналысамын?» тақырыбында дөңгелек стөл өткізді. Тренингке 5-6 сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға бос уақыттарын тиімді өткізу ұсынылды. Іс-шара шаттық шеңберінен бастау алып, «5-жақсы қасиет», «Жағдайлар» рефлекциясы жасалды. Бос уақытыңда не істейсің?, қандай үйірмелерге қатысасың? Үйірме несімен ұнайды? сынды сұрақтар талқыланды. Тренинг соңында оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік, неден сақтану қажет, интернетпен жұмыс жасаған кезде қандай қауіпсіздік ережелерін ұстану қажет екені баяндалды.

2022-04-06 17:33:22

Скачать Смотреть

«Емтиханға 1-ай қалғанда» тренинг Ақпарат

Сәуір айында мектеп психологы Садуакасова Ф.Ж 11-сынып оқушыларымен «Емтиханға 1-ай қалғанда»атты тренингін жүргізді. ҰБТ тапсыру кезінде өзін қалай ұстау ережесімен, жігерлендіру жаттығуларымен оқушыларды таныстырып өтті. Тренинг барысында «Құлаққа массаж»,«10 сөз», «Алғашқы көмек»,«Жағдайлар» атты рефлекция жасалды. Алдағы ҰБТ-ға сәттілік тілеп, жақсы көңіл күймен аяқтады.

2022-04-06 15:27:33

Скачать Смотреть

«Мен әлеуметтік желідегі зорлық-зомбылыққа қарсымын» сурет салу арт терапиясы

Наурыз айында мектеп психологы Ф.Садуакасованың ұйымдастыруымен 7-8 сыныптар аралығында «Мен әлеуметтік желідегі зорлық-зомбылыққа қарсымын» сурет салу арт терапиясы өтті. Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

2022-03-09 15:59:37

Скачать Смотреть

Жеткіншектік кезеңдегі агрессивті мінез-құлықты төмендетуге, жеңуге бағытталған психологиялық жұмыс. (6-8 сыныптар тренинг)

Наурыз айында 6-сынып оқушыларымен мектеп психологы Ф.Садуакасова жеткіншектік кезеңдегі агрессивті мінез-құлықты төмендетуге, жеңуге бағытталған психологиялық тренинг өткізді. «Жұп болып сурет салу», «Ертегі», «Реніштер жиыны, копилка», «Антоним» Мақсаты: Топтық ұйымшылдықты дамыту, қатысушылармен қарым-қатынас орнату, сабаққа жағымды мотивация қалыптастыру, тренингке қатысушыларды таныстыру. Өзіне сенімді қылық-əрекет дағдысын бекіту, ренішпен күресуді үйрету.

2022-03-09 15:57:20

Скачать Смотреть

5-сынып оқушыларына «Менің өмірлік құндылықтарым» атты тренинг

Ақпан айының 11-жұлдызында мектеп педагог-психологтары: С.Абеуова Ф.Садуакасова 5-сынып оқушыларына «Менің өмірлік құндылықтарым» атты тренинг өткізді. Оқушыларға өмірлік құндылықтарын, құрметтей, бағалай білуге және өз ойларын, сезімін ашық, еркін қысылмай жеткізе білуге дағдыландырды. «Жүректен-жүрекке», «5-құндылық», «Ұстаздың ұлағаттысөздері»топтық жұмыс жаттығулары жүргізілді.Тренинг соңында оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.

2022-02-15 11:46:28

Скачать Смотреть

«Достық шеңбері» тақырыбында тренинг

Ақпан айының 10-жұлдызында мектеп психологы: С.Абеуова 4-сынып оқушыларымен «Достық шеңбері» тақырыбында тренинг өткізді. Шаттық шеңберімен бастап , есімдерінің бас әрпінен басталатын сын есімдерден бір-бірлеріне жақсы сөз айтып,жүрекпен алмасты. «Жағдаят», «Достық сақинасы», «Достық ағашы», «Досыңды тап» жаттығуларымен жалғасын тап.

2022-02-10 16:15:23

Скачать Смотреть

«Алтын белгіге»,«Үздік аттестатқа» психологиялық қолдау

Ақпан айында мектеп психологы Ф.Садуакасова 11-сынып оқушысы «Алтын белгіге»,«Үздік аттестатқа» үміткер оқушымен психологиялық жеке кездесу өткізді. Совет Мухаммадрасулға психологиялық бағыт бағдар, кеңестер беріліп, сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ дұрыс тамақтану,күн тәртібі, қорқыныш, мазасыздану, ҰБТ-ға қалай дұрыс дайындалуға болатыны айтылып, болашағын қағаз бетіне түсіру терапиясы арқылы, болашақтағы өзінің іс-әрекетін бейнелеп берумен аяқталды.

2022-02-09 11:25:17

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 4 5 6 7 8 13 соңғысы