Психологтың жұмысы

Дәреже: Психологтың жұмыстары

10-сынып оқушыларымен «Мен және менің ортам» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 22.05.23 күні мектеп психолгі 10-сынып оқушыларына «Мен және менің ортам» атты психологиялық тренинг өткізді. Тренинг мақсаты:өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Оқушылар тренингті «Жан жылуы» атты жаттығуды орындау арқылы жағымды көңіл-күймен бастады. Сонымен қатар, «Эмоцияңды көрсет», «Жүйрік ой» атты жаттығуларды орындады. Рефлексияда әрбір қасиетке лайық деп танылған оқушыға жеке-жеке қошемет көрсетілді. Соңында оқушылар шеңбер құрып , әр қайсысы кезекпен кезек тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдірді.

2023-05-22 13:00:21

Скачать Смотреть

«Қыз –еркем,қылығымен -көркем» ақпараты.

Мамыр айында мектеп психологі 5-6 сынып қыз балаларымен «Қыз –еркем, қылығымен -көркем» дөңгелек үстел өткізілді. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: әдептілікке, әдемділікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсете білуге. Иманды да инабатты қазақ қыздарының бейнесін қалыптастыру.Қыз баланың бойына әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру. @balqash_qalasy_bilim_bolimi#ҚОББтәрбие#9мектеппсихолог @uo.krg@umckrg@g.kozhakhmetova

2023-05-16 12:01:35

Скачать Смотреть

11-сынып оқушыларымен «Емтиханға бір ай қалғанда» атты өткізілген тренинг ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 19.04.2023 күні мектеп психолгі Р.Сатимбекова 11-сынып оқушыларымен «Емтиханға бір ай қалғанда» атты тренинг өткізді. ҰБТ тапсырушы 11 - сынып оқушыларының бойындағы стрестік қалыптан арылту, сенімді мінез - құлық дамыту мақсатында өткізілген іс-шарада әр-түрлі жаттығулар орындалды. Психологиялық қысымнан арылту үшін релаксациялық жаттығу орындады. Оқуда кездесетін кедергілерді жеңу және кедергіден шығу жолдарын білу мақсатында жаттығу орындап,әсерлерімен бөлісті. @umckrg @goroo_krg @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие

2023-04-26 14:57:40

Скачать Смотреть

«Нейро жаттығу» ақпараты.

17.04.23 күні мектеп психологі 2-3 сынып оқушыларымен «Нейро жаттығу» жүргізілді. Нейро жаттығу - бұл арнайы жаттығулар арқылы мидың табиғи механизмін жандандыру.Мақсаты: Оқушылардың зейін тұрақтылығы мен есте сақтауды,сөйлеу тілін дамытуды,интеллектуалды және шығармашылық дамуды жетілдіру,стрессті сейілтуде,эмоционалды көңіл-күйін орнықтыруда қолданылады. Нейрожаттығулардың пайдасы: 1. Мидың оң жақ және сол жақ жарты шарларының үйлесімді жұмыс істеуін жақсартады. 2. Ұсақ және ірі моториканы дамытады. 3. Ақпаратты тез қабылдап, қорытуға көмектеседі. 4. Зейінді шоғырландырады. 5. Есте сақтау қабілетін арттырады. 6. Оқу және жазу процесстерін жеңілдетеді. 7.Мидың жұмыс істеу өнімділігін арттырады. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие#9мектеппсихолог

2023-04-18 15:25:35

Скачать Смотреть

8-11 сынып қыздарымен өткізген «Жылы жүрек- жақсы тілек» атты психологиялық іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 5.04.23 күні мектеп психолгі 8-11 сынып қыз балаларымен «Жылы жүрек- жақсы тілек»» атты тренинг өткізді. Мақсаты: Қыздардың психологиялық көңіл- күйлерін көтеру,өздеріне құрметпен қарауға баулу,ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату. Қыздар тренинг басында әр түрлі түстерді таңдап алды және сол түске орай сипаттамалар айтылды. «Жүзіктегі жазулар» атты ертегі терапиясында мәтінге байланысты өсиет сөздерді жазды. Соңында «Жақсы мінез – адам – өмірінің сарқылмас байлығы», «Айнымас досы бар адам ең бақытты адам», «Мінезі бірқалыпты адамның өмірі де жаймашуақ болады», «Жақсы көңіл күй – жан тыныштығы» нақыл сөздерін пайдаланып адам өмірінде жақсы қарым-қатынас жасау үшін мінездің алатын орны ерекше екені түсіндірілді.

2023-04-11 10:40:32

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебінде мектеп психологының 11-сынып оқушыларымен «Емтиханға 1 ай қалғанда» тақырыбында өткізілген психологиялық тренинг ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 04.04.23 күні мектеп психолгі 11-сынып оқушыларымен өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыруға , өзін-өзі бақылауын, стреске қарсы тұру қабілетін дамытуға , көңіл-күйін көтеру мақсатында психологиялық тренинг өткізді. Жағымды қарым - қатынас, достық сезім қалыптастыруға «Достық торы», «Сәлемдесу» жаттығуларды орындалды. «ҰБТ - ға дайындалуға психологиялық көмек» жадынамасы таратылып , талқыланды. «Менің жарқын үміттерім, менің қауіп - қатерлерім» атты бөлімде оқушылар өздерінің ҰТБ - ға байланысты өз ішкі сезімдерін жазды. Талапкерлердің бойындағы уайымды, жан күйзелісін, қорқыныш пен үрейді төмендету үшін өткізілген тренингке оқушылар белсене қатысты.

2023-04-07 12:27:03

Скачать Смотреть

№9 жалпы білім беретін мектебінде 9-11сынып оқушыларына арналған "Буллинг менің мектебімде емес!" тақырыбында зум желісі арқылы өткізілген облыстық вебинар ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 9.03.2023 күні 9 -11сынып оқушыларына арналған "Буллинг менің мектебімде емес!" тақырыбында зум желісі арқылы облыстық вебинар өтті. Вебинар барысында тақырыпқа сай бірнеше видео көрсетіліп, талқыланды. #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova #алғысымызшексіз, #algysymyzsheksiz #арамыздағыбатырлар, #aramyzdagybatyrlar

2023-03-10 02:43:01

Скачать Смотреть

«№ 9 жалпы білім беретін мектебі» КММ «Ұсақ қол моторикасын дамытуға» арналған психологиялық іс-шараның ақпараты. 2022-2023оқу жылы

Мектебімізде ақпан айында 1-2 сынып оқушыларының арасында «Ұсақ қол моторикасын дамытуға» арналған жаттығулар жүргізілді. Мақсаты: Әр түрлі іс-әрекеттер арқылы мектепке дейінгі кіші жастағы балалардың ұсақ моторикасымен қол үйлесімділігін дамыту. Сухомлинский айтқандай: «Қабілет бастауы мен балалар дарыны – саусақ ұштарында. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай –ақ, сөздік қоры да дами түседі.Осыларды ескере отырып, өз жұмысымның мақсатын анықтадым: мектеп жасына дейінгі балаларды түрлі қызметтер арқылы ұсақ қол моториканы дамыту және қол қызметін үйлестіру. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие#9мектеппсихолог

2023-02-13 14:26:27

Скачать Смотреть

6-11 сынып оқушыларымен өткізген психологиялық іс-шараның ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 09.02.23 күні мектеп психолгі 6-11 сынып оқушыларымен «Әлеуметтіе желілерде қандай проблемалар болуы мүмкін» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Әлеуметтік желінің зиянды жақтарын ажырата білуге үйрету және оны тиімді пайдаланудың жолдарын көрсету, сандық сауаттылығын арттыру мақсатында өткізілген іс-шарада оқушылар әлеуметтік желілерді сапалы пайдалануға үйренді. қпарат ала отырып, өздерінің әлеуметтік желі туралы білімдерін арттырады. Ақпарат ала отырып, өздерінің әлеуметтік желі туралы білімдерін арттырады.

2023-02-09 09:40:23

Скачать Смотреть

психологының 11-сынып оқушыларымен «Сенімділік күш береді» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 6.02.23 күні мектеп психолгі 11-сынып оқушыларына «Сенімділік күш береді» атты психологиялық тренинг өткізді. Оқушылардың сенімділігіне, мінез-құлық сфера дағдысын психологиялық тұрғыдан қалыптастыру мақсатында өткізілген іс-шарада «Болашаққа бастар жол», «Жағымды ҰБТ», «Сомолет» атты жаттығуларды орындады. «Менің көңіл-күйім» атты сауалнама жүргізіліп, оқушылардың әдеттері мен жеке ерекшеліктері туралы ойлануына мүмкіндік берді. @balqash_qalasy_bilim_bolimi #ҚОББтәрбие #9мектеппсихолог

2023-02-06 11:44:02

Скачать Смотреть

Ұжымды біріктіру

19.01.2023жылы ұжымды біріктіру, оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы кедергілерді жою, эмоциялық көңіл-күйді белсендіру мақсатында 7-сынып оқушыларымен психологиялық жаттығу орындады.

2023-01-20 11:14:20

Скачать Смотреть

«Бейіміне қарай мамандық таңдау» атты өткізілген тренингтің ақпараты

№9 жалпы білім беретін мектебінде 18.01.23 күні мектеп психолгі 9-сынып оқушыларына өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау мақсатында «Бейіміне қарай мамандық таңдау» тақырбында психологиялық тренинг өткізді. Кәсіби бағдар беру, мамандықтың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, түрлі жаттығулар арқылы өз пікірлерін жеткізді. «Мамандық қасиеттері», «Жасырылған мамандықты тап!» атты жаттығулар орындап, ситуациялық мәселелерді шешті. #Балаларжылы09 #oqu_agartu_ministrligi; #RUMCDOMONRK #ҚРБҒММОНРК #РУМЦДОМОНРК #9мектеппсихолог #karagandyoblysybilimbaskarmasy #balkash_qalasy_bilim_bolimi @balqash_qalasy_akimdigi @agdarbekovagulmira @uo.krg @umckrg @g.kozhakhmetoova

2023-01-19 14:50:07

Скачать Смотреть

бiрiншiсi 1 2 3 4 5 13 соңғысы