«Өнегелі өмір» жобасы және тарихи сауат ашу апталығы аясында мектебіміздің садақ атудан спорт шебері, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ж.Т.Мұхаметжановпен кездесу өтті.

 «Өнегелі өмір» жобасы және тарихи сауат ашу апталығы аясында мектебіміздің садақ атудан спорт шебері, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ж.Т.Мұхаметжановпен кездесу өтті.

2023 жылдың 15 желтоқсан күні «Өнегелі өмір» жобасы және тарихи сауат ашу апталығы аясында мектебіміздің садақ атудан спорт шебері, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ж.Т.Мұхаметжановпен кездесу өтті. Басты мақсат – жасөспірімдерге спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екенін еске салу. Жұмағазы Тұрсынұлы өзі туралы айтып, жоғары нәтижелерге қалай қол жеткізгенін айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жиналғандардың сауалдарына жауап берді. Кездесу барысында спортшының фотосуреттері таратылды. Спортшымен кездесу оқушылар арасында көптеген жағымды эмоциялар тудырды!

Дата: 29.12.2023, 14:28 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі