"Мен полиглот"

Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық пен үштілді білім берудің кіріктірілген апталығы аясында мектепте "Мен полиглот" ойыны өтті. Оған 7-сынып оқушылары қатысты. Бұл іс-шараны оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру, ауызша сөйлеу, есте сақтау, назар аудару, тілдік қабілеттерін, оқушылардың ой-өрісін дамыту мақсатында Қазақ тілі мұғалімі А.М. Утешова дайындады және өткізді. Іс-шара барысында толқу мен салауатты бәсекелестік рухы орнады.

Дата: 12.04.2021, 16:49 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі