"Цифрлық әлем"

"Цифрлық әлем" ақпараттық сауаттылығын дамыту апталығы аясында 3-4 сынып оқушылары үшін "Ақпараттық қауіпсіздік" танымдық ойыны өткізілді. "Пазл жина", "Боламын – істемеймін", "адамға көмектес", "Үш бұрыш", "Ребустар", "Қиялыңды көрсет" турларына қатыса отырып, оқушылар заманауи ақпараттық ортадағы жауапты және қауіпсіз мінез-құлық және интернет желісіндегі құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау тәсілдері туралы білімдерін бекітті, сондай-ақ өздерінің виртуалды достарын ренжітпеу үшін әлеуметтік желілердегі (желілік этикет) қарым-қатынас қағидаларын үйренді.

Дата: 3.02.2021, 13:52 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі