"Математика біздің айналамызда"

27 қаңтар күні облыстық "Зейін" жобасы, "Математика біздің айналамызда" математикалық сауаттылық апталығы аясында бастауыш сынып оқушыларымен "Математика мамандықта" тақырыбында әңгіме өткізілді. Бірінші сынып оқушылары медициналық мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың мамандықтарымен танысты. Әңгіме соңында оқушылар үшін мектептің медициналық кабинетіне экскурсия өткізілді, онда медбике медицинадағы математика білімінің қайда қолданылатынын көрнекі түрде көрсетті.
2-3 сынып оқушылары математикамен байланысты мамандықтармен танысып, математиканың мектеп пәні ретіндегі маңыздылығы және оны мектепте сапалы оқыту туралы айтты. 
4-сынып оқушылары математикамен байланысты заманауи мамандықтар туралы білді. Д.Қалиева, А. Алдабеков, М. Захаров қызықты мамандықтар туралы ақпарат дайындап, сыныптастарымен бөлісті. Соңында олар математикамен байланысты болашақ мамандығын таңдау туралы айтты.
Мектепалды сыныпта "Тәулік бөліктерінің кезектілігі" сабағы өткізілді.
Дата: 29.01.2021, 13:51 Автор: №3 жалпы білім беретін мектебі