Интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері

         Ата-аналарға арналған ұсыныстар:

1. Балаға ғаламтордағы жауапкершілік пен өзін-өзі қалай ұстау керектігі жайында түсіндіріңіз. 
2. Балаңыздың қандай чат, әлеуметтік сайт, хабарландыру парақшаларын пайдаланып жүргенін  бақылаңыз;
3. Шынайы өмірдегі достар туралы сөйлескендей, интернеттегі достары мен немен айналысатындары туралы балалармен сөйлесуді ұмытпаңыз. Бұл адамдардың таныс екеніне көз жеткізу үшін балалар жедел хабар алмасу қызметтері арқылы байланысатын адамдар туралы сұраңыз.
4. Стандартты ата-ана бақылауына қосымша ретінде қажетсіз мазмұнды блоктау құралдарын пайдаланыңыз. «Ата-ана бақылауы» қосымшасын жүктеп баланың интернеттегі уақытын бақылауда ұстаңыз.
5. 1-7 сыныптар аралығында оқитын балаларда ересексіз топтық чаттардың боламағы дұрыс. Бұл балалардың кибербуллинг әрекеттеріне апарып соғуы мүмкін.
ü"Интернет цензоры" тегін бағдарламасын орнатыңыз. Ол сіздің компьютеріңізден кіргіңіз келмейтін сайттарды бұғаттайды.
üБалаға мұқият болыңыз. Ол интернет-қорлаудың құрбаны емес екеніне көз жеткізіңіз.
üИнтернеттегі ойындардың сипатына мән беріңіз, бұрыс сезімдерді, әрекеттерді тарататын ойындарды ойнатпаңыз.
üҒаламтордан  бағдарлама немесе файл жүктер алдында рұқсат сұрауға үйретіңіз.
üБалаңыздың ғаламтор арқылы танысқан адаммен кездесуіне рұқсат бермеңіз.
üӨзің туралы ақпарат берудің құпия болудың мәнін түсіндіріңіз.
üБалаңыздың ғаламторды бұзақылық үшін пайдалануына жол бермеңіз.
üЖасөспірім балаңыз ғаламтор арқылы бір затты сатып алуда, сатуда сізбен ақылдасатын болсын.
üБалаңызбен құмар ойындарды және олардың зияны туралы талқылаңыз.
üДін туралы сөйлесіңіз. Интернетте арандатушылар көп екендігін баланың еліктегіш болатынын естен шығармаңыз. 
üЕсіңізде болсын, 7 жасқа дейін балаға Интернет қажет емес. Педиатрлардың айтуынша, кіші мектеп оқушыларына күніне 30 минут жеткілікті. 10-12 жаста бала Интернетте 1 сағаттан артық уақыт өткізе алмайды. 12-ден жоғары-1,5 сағаттан аспайды.

Ата-ананың балаға түсіндіруі қажет ақпараттар:

1. Әлеуметтік желілер

•Өз аккаунтыңды қауіпсіздендіруге тырыс. Өз құпия сөзіңді  ешкімге айтпа.

•Желіде басқа адам туралы ақпарат жариялама.

2. Мобильді ғаламтор

•Кім болса соған телефон нөміріңді берме.

•Хабарлама, фото, видеолардың күмәнді таратылымдарына қосылма.

••Жарнама тарататын SMS-ге назар аударма.

3. Онлайн-ойындар

•Қандай ойындар ойнап жүргеніңді өзің сенетін басқа адамдарға, әсіресе үлкендерге айт.

•Желіде басқа ойыншылармен сөйлескенде сақ бол. Тышқанды қандай адам басқарып отырғанын ешқашан білмейсің.

•Ойынға қанша уақыт жұмсау керектігі туралы ата-анаңмен келісіп ал.

4. Чаттар, блогтар, форумдар

•Сөйлесіп болған соң, видеокамераны өшіруді ұмытпа.
•Сенің өмірде де, ғаламторда да  жауапкершіліктерің бар.
•Басқа біреудің суретін жарияламас бұрын, рұқсатын ал.
•Сенің парақшаңда басқа адамдардың  не жариялап жатқанын бақылауда ұста.
•Сен туралы ақпаратты не үшін сұрап, қайда қолданғалы жатқанын сұрап біл.
•Өзің туралы жеке ақпараттарды  жарнамалалық сілтемелерде  жариялаудан бас тарт.
•Өзіңіз білмейтін қолданушыдан келген хатты ашпа;
•Спамды басқа адамдарға жіберме. 
Дата: 16.05.2023, 15:08 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі