«Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым»

«Тәуелсіздік  - теңдесі  жоқ  байлығым»

Еліміздің  сан   мыңдаған  жылдар  бойы   армандаған, дүниені  дүр   сілкіндірген    «Желтоқсан  оқиғасымен» келген тарихымызда   алтын   әріптермен  жазылып   қалған  Тәуелсіздік   күні   туралы  баяндайтын       «Өркен» үгіт  -насихат  тобының  жалынды   сөздерімен  басталды.

Лицей  директоры Қ.Т. Рахимберлинаның  мерекелік    құттықтау  сөзі оқушылар  мен  ұстаздарға   ерекше  жетістіктері  үшін   марапат тапсыруға ұласты.  «Желтоқсанның   мұзға  жаққан  алауы»  атты  10Ә   сыныбының  ұйымдастыруымен  қойылған  қойылым  мазмұнды  болды.

 Сонымен  қатар,  Мемлекет  басшысы  2020  жылды «Волонтер жылы» деп  жариялап,  жастарымызды  белсенді   волонтерлік  жұмысқа  тарту  қажет екендігін   тілге  тиек  еткен  лицейдің  волонтер  тобы  оқушыларға  өз  тобына  қосылуға  ұран  тастады.

 «Тәуелсіз  Қазақстан» би  композициясы   орындалып, «Саз» триосының  орындауында «Тәуелсіз қазақтың  қызымын»  әні  және  «Мәңгілік   ел  ұландары»  композициясы   орындалып  лицей  ұжымына   ерекше   көңіл  күймен,      патриоттық  рухта  жігерлендірді.

Барлық   сыныпта  әртүрлі  формада   танымдық  тәрбие   сағаттары  өткізілді.

Дата: 13.12.2019, 13:12 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі