11.12.2019 жылы лицейде «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында онлайн сынып сағаты өтті. Сынып сағаты 6 «А» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Джабаспаева Ж.Б , АӘТД оқытушы- ұйымдастырушы Сатиев М.А. ұйымдастыруымен өтті.

Онлайн сынып сағатына Балқаш қаласы Төтенше Жағдайлар Басқармасының қызметкерлері қатысып, қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырды.

Абжанова Бағдат Сатбековна – Балқаш қаласы ТЖБ құтқару бөлімшесінің аға медициналық қызметкері;

Болатов Асылбек Мерекеевич – Балқаш қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің аға офицері;

Ерланов Инкар Ерланович – Балқаш қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс бойынша қауіп-қатерді төмендету тобының инженері

Джаомбаев Амангельды Серикович – Балқаш қаласы ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының офицері.

Төтенше Жағдай Басқармасының  қызметкерлері  мұз үстінде , көктайғақ  кезінде үсіген жағдайда, өрт шыққан жағдайда және жаңа жылда  жаңа жылдық отшашулар кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырды. «Darmen» мобильдік қосымшасы  туралы  оқушыларға түсіндіріп кетті. Сол мобильдік қосымшаны смартфонға жүктеу арқылы  барлық төтенше жағдайларды біліп отыруға болатыны түсіндірді. Сабақ соңында оқушыларға өрт қауіпсіздігі және қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері  туралы жаднамалар таратылды.

Дата: 11.12.2019, 18:19 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі