СOWORKING орталығы туралы ақпарат

СOWORKING орталығы туралы ақпарат

Лицейімізде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізетін және шығармашылықпен айналысуға қолайлы алаң - СOWORKING орталығыашылды. Баланың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін коммуникативтік орталық. Сондай-ақ, кез-келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, кітапхана ресурстарын пайдаланып, білім алуға, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнауға, жаңа келіп түскен кітаптары оқуға зор мүмкіндік болады. Бір сөзбен айтқанда, лицей қабырғасында ашылған Coworking орталығызияткерлік демалыс ордасына айналады. «Өсер елдің баласы өзекті іске жұмылар» дей отырып, Coworking  орталығы лицей оқушыларының жиі баратын орнына айналатынына үмітіміз зор!!!

                                                                                                                                                  Булганбай Х., лицей кітапханашысы

Дата: 18.11.2019, 10:01 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі