«Латын әліпбиі - болашақтың таңдауы» атты әлеуметтік жоба аясында латын әліпбиіне негізделген бір мезетте өткізілген диктант туралы АҚПАР

«Латын әліпбиі - болашақтың таңдауы» атты әлеуметтік жоба аясында латын әліпбиіне негізделген бір мезетте өткізілген диктант туралы АҚПАР

Лицейде 10-11 сыныптар аралығында «Латын әліпбиі-болашақтың таңдауы» атты әлеуметтік жоба аясында латын әліпбиіне негізделген бір мезетте диктант  және 8-9 сыныптар арасында флешмоб өткізілді.  Диктантқа барлығы 56 оқушы қатысты. Диктант жазу  алдында қатысушыларға латын негізді қазақ әліпбиі таныстырылып, арнайы жазу парақтары таратылды. Диктант мәтіні аудиоқұрылғы арқылы үш мәрте оқылды. Бірінші оқылуында қатысушылар мәтінмен танысып, екіншісінде диктант жазып, үшінші оқығанда қатесін тексерді.

Латын әліпбиіне көшу – заман талабын ескерген лицейліктер бір мезетте өткізілген диктант жазу барысына белсене қатысты.

Дата: 11.11.2019, 9:10 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі