Парасаттылық күні

   Парасаттылық   күні

            Қазақстан Республикасының    Мемлекеттік   қызмет   істері  және  Қарағанды    облысы бойынша  департаментінің сыбайлас жемқорлыққа   қарсы   іс  -  қимыл  агенттігінің  «Сарыарқа -  адалдық   алаңы»  жобасы    бойынша  Абай   атындағы лицейде  «Парасаттылық   күні» атты ашық   алаң  өткізілді.  Парасаттылық    күніне  қала   әкімінің  орынбасары  С.Ж. Жақсылықова    8-10  сынып   оқушылары  мен мұғалімдер қатысты.

      Мақсаты: Жалпы   адамгершілік,   ұлттық   құндылықтарды   құрметеп,  жасұрпақтың  бойына  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  мәдениетті  қалыптастыру  және  оған    қарсы  тұруға  дайын   тұлғаны  тәрбиелеу.

       Саягүл  Жақсылыққызы  оқушыларға    жастардың   бойында   адалдық,  парасаттылық,   отансүйгіштік  құндылықтарын  қалыптастыру   мақсатында  Агенттіктің  ұйымдастыруымен  барлық  білім  беру  орындарында  ашылып   жатқан  «Саналы  ұрпақ»   жобалық   кеңселерінің   орны ерекше  екенін    тілге  тиек  етті. Сонымен  қатар бүгінгі   күні  Білім  және  ғылым  министрлігінің    басшылығымен   Республикадағы  барлық  оқу    орындарында «Адалдық  сағаттары» өтіп  жатқандығы,   жас  ұрпақтың   тәлім- тәрбиесіне  адалдық,  парасаттылық  қасиеттерін   дарытуға  үлес  қосып  отырғандығы  туралы   айтып   өтті.

          Қазақстан  Республикасының  барлық  мектептерінде  Білім   күнінің    алғашқы   сабағында  Адалдық,  Парасаттылық,  Әділдік,  Сенім  құндылықтарын    насихаттау  мақсатында,  жемқорлық- індет,  оның   алдын   алу  міндет екендігі, ұлттық құндылықтар   аясында   өскелең  ұрпақтың  бойына сыбайлас   жемқорлыққа    қарсы   мәдениетті  қалыптастыру  туралы   мән   -  мағыналы  әңгіме  жүргізді.  Оқушылар  өздерін    толғандырған     сұрақтарға     жауап  алып,   отырыстан   ерекше   әсер   алды.   

Дата: 4.09.2019, 9:45 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі