«Балауса» лицей жанындағы жазғы сауықтыру лагерінде «Қош бол, сүйікті лагерім! » атты өткізілген іс-шара ақпары

«Балауса» лицей жанындағы  жазғы сауықтыру  лагерінде  «Қош бол, сүйікті лагерім! » атты  өткізілген іс-шара ақпары

«Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің соңғы күні. Маусымның 07 күні «Қош бол, сүйікті лагерім! » атты  жабылу салтанаты өтті.   Лагердің соңғы күніне байланысты мерекелік шара ұйымдастырылды.  Мерекелік іс-шара көптеген қызыққа толы, ғажайыптар аралының бекеттерінен құралды.  Әрбір бекетте балаларға арналған тапсырмалар болды. Орындалған тапсырмаларға ұпай саны берілді.  Бірінші «Бишілер»  бекетінде әр ұлттың биін билеп,  балалар биші атанды.  Екінші «Әншілер»  бекетінде әсем әндер айтылса, үшінші бекет «Суретшілер»  мұнда лагерь демалушылары жыл мезгілдеріне арнап асфальтта  түрлі сурет  салды. Ең соңғы бекет «Ойын алаңында»  жарыс ойындары ойнатылды. Әр бекетте  берілген тапсырманы балалар  бұлжытпай орындап , лагердің жабылу салтанатында ұйымдастырылған ғажайып аралдар бекетінде топтар белсене қатысқандары үшін мадақтамамен марапатталды. Сонымен қатар, лагерьдің жабылуында биден флеш-моб өтті, онда балалар өздерінің билеу өнерін көрсетті.

         Іс-шара соңында «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің демалушыларына естелік ретінде балалардың  суреті бар күнтізбе таратылды. Бүгінгі  күн балалардың  ойынан шығып, көңілді, әрі қызықты , тартымды, мазмұнды болды.

Дата: 12.06.2019, 12:04 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі