«Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық байқау

«Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық байқау

     Осы беделді үлкен сайысқа облыстық кезеңнен өтіп, лицейіміздің директорының БІЖО орынбасары, жоғарғы санатты педагог-психолог Шармуханбетова Жазира Арғынқызы өзінің «Кәсіпке психологиялық бағдар» тақырыбындағы авторлық бағдарламасымен қатысып қайтты. Жоғарғы сынып оқушылардың дұрыс мамандық таңдауына психологиялық дұрыс бағдар берілу қажеттілігімен өзекті болған авторлық бағдарламасы  ҚР білім министрлігінің және «Дарын» республикалық ғылыми орталығының Грамотасымен марапатталды.

          Қазіргі уақытта робот жасау, оқушыларды инженерлік мамандыққа баулу қарқын алып келеді. Байқау қорытындысында қазылар алқасы жаратылыстану бағытындағы базасы қалыптаспаған мектептерде роботты техника үйірмесін ашу жобасын «Ең үздік»  деп тапты.

Дата: 22.11.2018, 13:46 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі