Асхана жұмысын қадағалау

Асхана жұмысын қадағалау

 2018-2019 оқу жылының алғашқы күнінен бастап  лицей асханасыдағы тамақтадыруды  ұйымдастыру жұмысын бақылаумақсатындаарнайы комиссия құрылды.  Бұл комиссия құрамына лицейдің дәрігерлік қызметкері және әкімшілік кіреді. Бракераждық комиссия асхананы аптасына бір рет тексеріп дайын тағамның сапасына органолептикалық бағалау жүргізсе, мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия асхананы күнделікті тексеріп бағалау жүргізеді. Яғни оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін  жеткізілген тағамның сапасы, жарамдылығы, сақтау мерзімі тексеріледі. Күнделікті ас дайындайтын бөлменің, залдың санитарлық жағдайы, тағам дайындау технологиясының сақталуы, тағамды қазанға салу сәті, тағамдардың әр түрлілігі, тоңазытқыш- технологиялық жабдықтардың жарамдылығы тексеріліп, асхана жұмысын қадағалау журналы толтырылады. Сонымен қатар күнделікті асхана қызметкерлерінің денсаулығы тексеріледі. Жүргізілген жұмыстар әдеттегідей интернеттегі «Лицейдегі тамақтандыру» веп-сайтына жарияланады.

Дата: 14.09.2018, 18:19 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі