Облыстық «Геоград» жобасы аясында өткен іс шара

 Облыстық «Геоград» жобасы аясында өткен іс шара

 02.03. күні  «Балқаш қаласы Абай атындағы № 2 лицей» КММ -де 3 сыныптарға арналған «Физика және химия әлеміне саяхат» атты  «Геоград» жобасының жоспарланған танымдық іс шарасы  өтті.  Іс шара мақсаты  бастауыш сынып оқушыларының  жаратылыстану-ғылыми құзыреттілік  деңгейін арттыру. Физика және химия ғылымының  зертханасында түрлі тәжірибелік жұмыстар көрсетіліп, физика мен химияның күнделікті тұрмыстағы қолданысы туралы 7-8-9 сынып оқушыларынан құрылған «Квант» және «Оттегі» қоғамдық ұйымдарының оқушылары  қызықты түсіндіріп өтті. Іс шараны физика мұғалімдері Макенбаева Г.Ж. Рахимова Ж.Т. және жоғары санатты химия пәні мұғалімі Мұқамеди Р.С. өте жоғары деңгейде ұйымдастырды. 

Дата: 3.03.2018, 11:55 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі