Облыстық жобалар аясында

Облыстық жобалар аясында

 31.01.2018 ж.күні  облыстық физика мұғалімдерінің «Шекарасыз білім беру» жобасы аясында қалалық «Физика және лирика» тақырыбында өткен   мәнерлеп оқу сайысында,  ұлы Абай өлеңдеріндегі физика ғылымының сырын жырлаған  лицейдің 7В сынып оқушысы  Махмедова  Нұрайлым   жүлделі  ІІІ орынды жеңіпалды. 

«Жаратылыстар  ғажайыптары» апталығын   01.02. күні   6В сыныбында география пәнінен  «Ауа температурасының тәуліктік  өзгеруі»   тақырыбында өткен  ашық сабақ жалғастырды.  Сабақ  Блум таксономиясына негізделген жаңа форматта өтті. Оқушылар сабақ барысында Bilimlend сайтынан теориялық мәліметтер алып, сол мәліметтер бойынша  функционалды сауаттылықты дамыту  тапсырмаларын орындап, картамен жұмыс жасау дағдыларын көрсетті. Сабақта    математика пәнімен байланыс жасалып ауа температурасына байланысты есептер шығарылып, графиктер сызылды.  Пән мұғалімі Тускеева А.М. 

03.02. күні лицейде 9  сыныптар арасында «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты химия пәнінен білгірлер сайысы өтті. Сайысты жоғары санатты химия пәні мұғалімі Мұқамеди Р.С. ұйымдастырды.   4 кезеңнен тұрған сайыста оқушылар химия ғылымының сан қырлы ғажайыптарын ашып, ағылшын тілінде термин сөздерді атау жарысына түсті. Білгірлер сайысында оқушылар  химиялық тәжірибелер жасап өздерінің  болашақ жас химик технолог мамандықтарының ерекшелігін көрсетті. Сайыс  мәресіне тапқырлығымен, шапшаңдығымен  9А сыныбының «Gold» тобы  бірінші жетті. 

Дата: 6.02.2018, 8:57 Автор: №2 Лицей