Елбасы Жолдауы -білім саласына жаңа серпіліс

Елбасы Жолдауы -білім саласына жаңа серпіліс

Елбасы Жолдауы -білім саласына жаңа серпіліс

«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицейде 20.01.18 жылы ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына байланысты түсіндірме жұмыстары бойынша ата-аналар арасында жиналыс өткізілді. Алғашқы сөзді лицей басшысы К.Т. Рахимберлина алып, Жолдау 2018 жылы ел дамуының 10 басым бағытын қамтитындығы, идиология қызметкерлері ретінде мұғалімдердің ұлт болашағы алдындағы атқарар міндеттерін айтып өтті. Сонымен қатар, Дәрібек Г.Д – лицейішілік қамқор кеңесінің төрайымы жолдауға байланысты өз пікірін айтты.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы дамыған 30 елдің қатарына кірудегі бүгінгі күнде алдымызда тұрған маңызды қадамдарды анықтап берді.

Осының ішінде «Адами капитал-жаңғырудың негізі» атты 7-і міндеті білім саласының қазіргі заманауи көкейкесті мәселелерін қамтып отыр.

Тәуелсіз Қазақстанның дамуының 26 жылында елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған жаhандану үрдістері қарқынды жүргізілуде.

Бүгінде елімізде Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы стандарттарына негізделген адами капиталдың сапасын жақсартуға байланысты іс-шаралар атқарылуда. 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңмен енгізуді жүзеге асырудамыз. Мектептегі білім беру жаңартылған мазмұн және білім стандарттары бойынша жүргізілуде. Бұл жасалып жатқан шаралар Қазақстанға, біздің экономикамызға қызмет ететін кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Сондықтан да Жолдауда еліміздегі жаңа заман талаптары мен сұранысына сай білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажеттілігіне баса назар аударылып отыр.

Еліміздің болашағы, алдымыздағы шәкірттерімізді нағыз азаматтық қоғам құруға тәрбиелеуде өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар оқушылар идеалына ұмтыламыз.

Дата: 23.01.2018, 18:57 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі