Облыстық 1-ші деңгейлі оқу-зерттеу жұмыстарының жеңімпазы

Облыстық 1-ші деңгейлі оқу-зерттеу жұмыстарының жеңімпазы

Лицейіміздің 5 «А» сынып оқушысы, лицей үздігі Алтайқызы Аяулым, информатика пәні мұғалімі Байжуманова Ләйлім Қанатқызының жетекшілігімен «Scratch бағдарламасы»  атты ғылыми жобасымен 2018 жылдық қаңтар айының 16-сы күні Орталық Қазақстан Шағын Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен Қарағанды қаласының балалар мен жеткіншектер сарайында өткізілген 48-ші ғылыми -практикалық конференциясы шеңберінде өткен 1-ші деңгейлі оқу-зерттеу жұмыстарының байқауына қатысып келді. Ғылыми жобаны қорғау барысында Аяулымның мақсаты - оқушылардың мүмкіндіктерін, сабаққа қызығушылығын арттыру үшін Scratch бағдарламасын оқытудың пайдасын анықтау. Аяулым өз мақсатына қол жеткізді, және де аталмыш байқауда бірнеше үміткерлер арасынан І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ иегері атанды. Қадамыңа нұр жаусын, Аяулым! «Тек биіктерден көріне бер!» дегіміз келеді.

Дата: 19.01.2018, 12:24 Автор: Абай атындағы №2 мектеп-лицейі