Қызылшаға қарсы алдын алу шаралары туралы

 Қызылша-өте жұқпалы жедел вирустық инфекция, қызылшамен ауыратын науқаспен байланыста болған кезде қызылшаға қарсы вакцинацияланбаған адамдардың барлығы дерлік ауырады. Инфекция көзі-вирусты қоршаған ортаға шығаратын науқас адам ғана. Қызылшадан қорғаудың жалғыз тиімді әдісі-вакцинация.

        Қарағанды облысының тұрғындары арасында қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуіне жол бермеу, таралуының алдын алу және сырқаттанушылықтың туындауын болдырмау мақсатында:

        1)Тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе өзге де себептер себебінен жоспарлы профилактикалық екпе алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарының жанындағы шағын орталықтарға, басқа да ұйымдарға баруға жіберу топтарда, сыныптарда (түзету үлгісіндегі топтарды қоспағанда) ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне қол жеткізуді ескере отырып жүзеге асырылады.

 

        2) жоспарлы профилактикалық екпелер алмаған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу олардың топтардағы үлесі 10%-дан аспайтын болған кезде ғана жүзеге асырылады;

        3) мектепке дейінгі ұйымдар топтарында топтағы балалардың жалпы санының кемінде 90% деңгейінде ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін балаларды жоспарлы профилактикалық егулермен қамтудың шекті деңгейі).

        4) балалар арасында ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін жоспарлы профилактикалық егулермен қамтуды кемінде 90% тұрақты сақтау.

5) Медицина қызметкерінің балаларды таңғы сүзгіден өткізу (қабылдау) және балабақша қызметкерлері мен балалар арасында жедел респираторлық инфекция белгілерінің болуын бақылау. Жұқпалы аурулардың белгілері (тыныс алу, ішек, дене температурасының жоғарылауы) бар балалар мен қызметкерлерді кіргізбеу.

       6) санитарлық-эпидемиологиялық бақылаудың аумақтық басқармаларына мектеп оқушыларының облыстан тыс жерлерге шығуы және басқа облыс оқушыларының қатысуымен облыс аумағындағы бұқаралық іс-шаралар (олимпиадалар, спартакиадалар және т.б.) туралы уақтылы ақпарат беру үшін жауапты тұлғаларды анықтау.

       7) облыстан тыс жерлерде түрлі бұқаралық іс-шараларға қатысу үшін балалар топтарын қалыптастыру кезінде қызылшаға қарсы вакцинациялаудың толық курсының болуын көздеу.  Бұл ретте бір күн бұрын егілген балалардың кетуіне жол берілмейді.

Дата: 10.04.2023, 22:57 Автор: Ясли-сад «Балдәурен»