Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран.

Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран.

Жұлдыз балабақшасында 4-5 мамыр күндері 7- Мамыр Отан Қорғаушылар күніне, 9 – Мамыр Ұлы Отан Соғысының Жеңіс күніне орай мерекелік ертеңгілік пен спорттық – патриоттық жарыс өтті. Мереке алдында балалар ата-аналарымен бірге өздерінің ата-бабаларының ерең еңбектерімен танысты. Мерекеде балалар соғыс батырлары, олардың ерең еңбектері жайлы, соғыс кезеңі және жеңіс туралы тақпақтарын айтты. Балалар «Морячка», «Катюша» билерін билеп берді. «Жауыргерден хат», «Жауынгерге азық» ойындарында балалар өздерінің жылдамдықтарын, шапшандықтарын көрсете білді. Отан Қорғаушылар күніне орай ересек топтар арасындща спорттық – патриоттық жарыс өтті. Жылдамдығымен, ұйымшылдығымен алдыға шығып «Жас Ұландар» тобы жеңіске жетті.

Дата: 5.05.2017, 9:19 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»