1- мамыр «Бірлік, Ынтымақтастық,Достық» мерекесі

1- мамыр «Бірлік, Ынтымақтастық,Достық» мерекесі

«Жұлдыз» балабақшасында сәуірдің 27, 28 жұлдызында 1- мамыр «Бірлік, Ынтымақтастық,Достық» мерекесіне орай мерекелік іс-шаралар өтті. Балалар ертеңгілікте әр ұлттың киімдерін киіп, әндерін айтып өнер көрсетті. Мерекеге грузин, өзбек, украин, орыс халықтарының өкілдері қонаққа келді. Сондай-ақ мерекеде татар, неміс, ағылшын тілдерінде тақпақтар, әндер айтылды. Мерекеде әр ұлттың ойындары ойналып, балалар ерекше көңіл күйге бөленді. Мереке соңында әр ұлттың өкілдері «Әрқашан күн сөнбесін» әнін үш тілде орындап, ұлт аралық ынтымақтастықты паш етті.

Дата: 28.04.2017, 10:21 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»