"Өркенді дамудағы балабақша" - балабақашадағы ашық есік күні

Сәуір айының 14-ші жұлдызында «Жұлдыз» балабақшасында «Ашық есік күні» атты салтанатты мерекелік іс - шара өтті және мереке қонақтары қаламыздағы балабақшалардың директорлары болды. Мерекелік іс - шара бағдарламасы бірнеше бөлімдерден құралды, олар: қарапайым математикалық ұғымын қалыптастыру және өзін-өзі тану бөлімдері бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі, «Жұлдыз» балабақшасының даму стратегиясын қорғау» тақырыбында презентация, «Мәңгілік ел ұрпақтары» тақырыбында балабақша бойынша саяхат және мереке соңында қорытынды болды. Ұйымдастырылған оқу қызметі жан-жақты, көңілді және қызықты өтті. Балалар ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатысып белсенді жұмыс жасады. Мерекелік концертте балалар ән айтты, халық аспаптары оркестрі, ұлдар хоры өнер көрсетті. «Бір шаңырақ астында» композициясында, «Дос іздеген Бота» атты ертегіде балалар өздерінің әртістік қабілеттерін көрсетті. Мереке соңында балалар «Әрқашан күн сөнбесін» әнін үш тілде шырқады. Қонақтар балаларды қол шапалақтап жақсы қарсы алып отырды.

Дата: 14.04.2017, 11:09 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»