Наурыз мейрамы

Наурыз мейрамы

Наурыз айының 15 және 17 аралығында «Жұлдыз» балабақшасында топтар арасында Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне орай таңертеңгіліктер өтті. Балалар көктем туралы ән салып, мерекеге арнап тақпақтар айттыпқазақ халқынын «Арқан тартыс», «Қыз қуу» атты ұлттық ойындарын ойнады. Балабақшамыздың өнерлі балалары әр ұлттын биін билеп батырлар биі биленді. Балалар мерекеде Балалар қазақ биін билеп барша жұрттың ықыласына бөленді. Сонымен қатар, мерекенің сәнін келтірген әр түрлі әндерімен, мейрамға арналған тақпақ, өлеңдерімен балалар барлық келген қонақтарды қуантты. Наурыз мерекесінің басты қонақтары-Қыдыр ата, Наурыз қыз және әже мерекеге арнайы келді. Наурыз қыздың келуі, Қыдыр атаның және әженің келуі балаларға ерекше әсер етті.

Дата: 18.03.2017, 10:48 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»