1 наурыз - Алғыс айту күні

1 наурыз - Алғыс айту күні

Қайырымдылық бұл - адамның бойындағы ең асыл қасиет. Алғыс айту күні ең бірінші, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болып отыр. «Жұлдыз» балабақшасында «Алғыс айту» күніне арналып тәрбиешілер мен ата-аналардың қатысуымен әр топқа «Сіз кімге алғыс айтқыңыз келеді?» атты қорапшалар қойылды. Ата-аналар тәрбиешіге және балабақша қызметкерлеріне деген шексіз, риясыз алғыстарын осы қорапшаға жазып салды. Әр топта 1 наурыз күні тәрбиешілер балаларға мереке жайлы мағлұмат беріп, мейраммен таныстырды. Балабақша қызметкерлері мен ата- аналар жағдайы төмен балаларға арнап киім-кешек, ойыншықтар жинап, оларды тиісті орындарға өткіздік. Балабақшада сонымен қатар, балалар арасында «Ата-анам алтын тұғырым» атты сурет көрмесі өтті, Көрме ата-анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін, ата-ананы құрмет тұтуға, қадірлеуге, ардақтауға, ата-ананың үмітін ақтауға баулу мақсатында өткізілді. Алғыс күніне арналған іс-шараларымыз «Тәрбиешіме рахмет» музыкалық композициямен және «Жаттығуға рахмет, денсаулығым нығаюда» атты флэшмобымызбен аяқталды.

Дата: 1.03.2017, 10:49 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»