Кітапханаға саяхат

Кітапханаға саяхат

Қаңтар айының 20 күні «Жұлдыз» балабақшасы ересек топтың балалары А.Гайдар атындағы кітапханаға саяхат жасады. Кітапханашы балалармен қызықты кітаптар туралы әңгімелесіп, балаларға кітаптарды таныстырды. Балалар түрлі кітаптарға толы «Сиқырлы чемоданның» ашылуына себепкер болды. Кітапханашы бұл сиқырлы чемоданның тарихымен таныстырып бұл чемоданның біздің қалаға Германиядан келгенін айтып өтті. Балалар Сиқырлы чемоданның ішіндегі кітаптарды көріп танысты. № 10 мектептің 5 сынып оқушысы осы чемоданнан оқыған ертегісін мазмұндап берді. Балалар қызыға отырып тыңдады.Рәсімге қатысқан «Колокольчик» тобының балалары орыс тілінде «Колобок» ертегісін сахналады.

Дата: 20.01.2017, 10:42 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»