Өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіпсіздігі

Қаңтар айының 19 күні «Жұлдыз» балабақшасында өрт қауіпсіздігімен балаларды таныстыру мақсатында іс шара өтті. Балаларға өрт қауіпсіздігі жайлы слайд көрсетіліп оқытушының өрт қауіпсіздігіне байланысты сұрақтарына жауап беріп өз ойларымен бөлісті. Бұл ұйымдастырылған іс шараға балалар қызыға қатысып ойындар ойнады. Іс шара соңында балалар оқытушының қойған сұрақтарына мүдірмей жауап берді. Оқытушы балаларды өрт болдырмау шараларымен таныстырды және өр болған жағдайда қандай қауіпсіздік шараларын жасау керектігін айтып өтті. Сонымен қатар «Өртті дұрыс сөндір» атты дидактикалық ойын ұйымдастырды,ойында сөндіретін заттарды таңдау шартқа қойылды.

Дата: 20.01.2017, 10:38 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»