«Тәуелсіздігім тұғырым»

«Тәуелсіздігім тұғырым»

Желтоқсанның 14 жұлдызында «Жұлдыз» балабақшасында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Еркетай» тобында «Мақтанышым Қазақстаным» атты кіріктірілген сабақ, топтарда «Тәуелсіздігім тұғырым» атты ертеңгіліктер өтті. Сабақта балалар слайд тамашалап,рәміздер жайлы қойған сұрақтарға жауап беріп өз білімдерін пысықтады. Сонымен қатар балаларға күннің шуағын губкамен салу әдісі ұнады. Ертеңгіліктерде тақпақтар айтылып,әндер орындалды.Орыс тобында мерекеге әр ұлт өкілдері келіп ән мен жыр шашу етті.Ата-аналар мен тәрбиешілердің шығармашылығын шыңдау мақсатында бақшамызда «Тәуелсіздік- ел тілегі»атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде бәйтерек, Қазақстан картасы, рәміздері ауыл көріністері ерекше көз тартты.

Дата: 15.12.2016, 11:24 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»