Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні

Қазақстан Республикасының  тұңғыш Президенті күні

29 қараша мен 30 қараша аралығында «Жұлдыз» балабақшасында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арналған таңертеңгіліктер өткізілді. Біздің мерекеміз Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Мерекелік іс-шараға ортаңғы топтар мен ересек топ қатысты. Бұл мерекеде балалар Елбасымыздың өмірбаянымен , Қазақстан Республикасына жасаған ерең еңбектерімен танысты. Балалар Қазақстан Республикасының Президенті жайлы өз білімдерін көрсете білді. Балалар Отан , достық, тәуелсіздік жайлы тақпақтарын айтты, көрініс қойып, тамаша ән салып би биледі. Балалар тәрбешінің Елбасы, Отанымыз жайлы қойған сұрақтарына жақсы жауап берді. Мереке соңында балалар орындарынан тұрып тамаша ән орындады.

Дата: 30.11.2016, 10:14 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»