Алтын Күз

Алтын Күз

«Жұлдыз» балабақшасында 25 қазан мен 27 қазан аралығында Күз мерекесіне орай таңертеңгіліктер өтті. Мерекеге балабақшамыздың барлық топтары қатысты. Балабақшамыздағы бірінші кіші топқа қонаққа Алтын күз бен оның көмекшісі қоян келді. Мерекеде біздің көңілді кейіпкерлеріміз балалармен бірге би билеп, ойын ойнап балаларға ерекше көңіл - күй сыйлады. Мереке соңында Алтын күз балаларға жемістерге толы себетін сыйлады. Ересек топтарды жемістер мен көкөністерге киінген балалар көрініс қойды. Олар көнілді ән айтып би биледі. Мерекенің қызықты өтуі үшін ортаңғы қазақ «Еркетай» тобында қонаққа саңырауқұлақтармен тиін келді. Ал ортаңғы орыс тобына мерекеге қонаққа кірпі мен түлкі келді. Ересек тобының балалары жемістер мен көкөністер жайлы көрініс қойды, артынан би билеп тақпақтарын айтты.Сонымен қатар орта орыс,қазақ ересек топтарында балалар үш тілде тақпақтар, әндер айтып, ата- аналарды таң қалдырды. Мерекенің соңы көнілді әнмен жалғасты.ъ

Дата: 27.10.2016, 10:04 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»