Қош келдің алтын күз!

Қош келдің алтын күз!

20-21 қазан аралығында «Жұлдыз» балабақшасында күз мезгіліне орай көрме ұйымдастырылды. Көрмеге барлық топ ата-аналары қатысты. Балалар мен ата-аналардың қиялында шек болған жоқ. Қиярдан фантастикалық кемелер, картоптан кірпілер, асқабақтан тасбақалар және т.б. заттар жасалды. Барлық жасалған заттар қызықты және бір-біріне ұқсаған жоқ. «Теңіз құпиялары», «Өормекші және өрмекшінің торы», «Сұлу Күз» сюжеттеріне сүйенген көріністер де болды. Көрмеге жасалған жұмыстар сыйлық орындармен, мадақтамалармен марапатталды. Ұйымдастырылған көрме тәрбиешілерге, ата-аналарға және балаларға жарқын ұмытылмас әсер қалдырды.

Дата: 21.10.2016, 11:08 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»