22 қыркүйек - Тілдер күні

22 қыркүйек - Тілдер күні

21қыркүйек күні «Жұлдыз» балабақшасында Тілдер мерекесіне орай әуенді тематикалық оқу қызметі және таңертеңгілік өтті. Балалар мұнда әр ұлт өкілдері жайлы слайд фильм көру арқылы өздерінің білімдерін кеңейтті. Балалар Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің мәдениетімен, өзге ұлт өкілдерінің костюмдерімен, ұлттық тағамдарымен, билерімен және әндерімен танысты. Мерекеде балалар үш тілде сөйлеп тақпақтарын әндерін айтты. Балаларға қонаққа орыс, ағылшын тілі оқытушысы педагогтар келіп, мерекемен құттықтап өздерінің тілектерін айтты. Мерекеде балалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ән,өзбек, неміс, корей және басқа тілдерде тақпақ айтып көрініс көрсетті. Мереке соңында балалар қосылып ән шырқады.

Дата: 22.09.2016, 11:25 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»