"Мерейлі отбасы" сайысы

8 қыркүйек күні «Жұлдыз» балабақшасында Отбасы күніне қарай өткізілген «Мерейлі отбасы» атты мерекелік шара өтті. Бұл мерекеге топтар арасынан үш отбасы қатысты. Мереке сайыс түрінде өтті. Сайыста әр отбасы өздерінің тапқырлықтарын, ауызбіршіліктерін көрсетті. Әр отбасы өздерін слайд, өлең арқылы таныстырды. Жүргізушінің қойған сұрақтарына ата аналармен бірге балалар да жауап беріп отырды. Тапсырмалар арасында балалар қазақтілі және ағылшын тілінде Отан туралы, достық туралы ән айтып, би билеп мерекелік көңіл күй сыйлады. Шығармашылық сайыста әр отбасы өздерінің қолдарынан келер шеберліктерін көрсетті. Мереке соңында сайысқа қатысқан әр отбасыға «Бақытты отбасы», «Шуақты шаңырақ»,«Несібелі балалар» мадақтама грамоталар және сыйлықтар табыс етілді. Осы өткізілген мерекелік іс - шарадан отбасы арасындағы сыйластықты, махаббатты байқадық.

Дата: 8.09.2016, 12:15 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»