Қазақстан халқының ұлттық ойындары

Қазақстан халқының ұлттық ойындары

17 тамыз күні «Жұлдыз» балабақшасында «Қазақстан халқының ұлттық ойындары» атты тақырыбында мереке өтті. Мерекеге ересек және ортаңғы топтар қатысты. Балалар арнайы қазақ халқының ұлттық киімдерін киіп шықты. Мереке әннің сүйемелденуімен басталды. Балалар «Біз балдырған баламыз» әнін керемет көңіл - күймен айтып шықты. Әннен кейін балаларды бақа қарсы алып балалармен сергіту жаттығуын өткізді. Жарысу арқылы балалар өзбек, түрік, орыс, украин және қазақ халықтарының ойындарымен танысты. Мерекенің соңында балалар Қазақстан халқының билерінен поппури биледі.

Дата: 24.08.2016, 10:50 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»