Фестиваль "Айналайын"

Фестиваль

20 мамыр күні М. Хамзин атындағы мәдениет үйінде тұғырлы тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай балалар арасында «Айналайын» атты фестиваль өтті. Осы аталған фестивальға біздің «Жұлдыз» балабақшасының балалары қатысты. Қаланың барлық балабақшаларынан қатысқан балалар әр түрлі өнерлерін көрсетті. Кішкентай бүлдіршіндерді тамашалауға педагогтар мен ата-аналар жиналды. «Бала тілі-бал» демекші былдырлаған тілдерімен өздерінің әндерін орындап, мың бұрала би билеп барша халыққа қуаныш сыйлады. Біздің балабақшаның бүлдіршіндері орындауында «Туған яқ» татар әні, «Морячка» биі барша көрермендердің көңілдерінен шықты. Сондай ақ балаларымыз егеменді еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай дайындалған «Бір шаңырақ астында» атты көрінісімізде әр ұлттың киімдерін киіп, сол ұлттың тілдерінде тақпақ, ән айтып барша халықты бір марқайтып тастады. Фестиваль соңында балаларды үздік өнер көрсеткендері үшін дипломмен марапаттады.

Дата: 20.05.2016, 10:48 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»