Ұлы Жеңіс күні

Ұлы Жеңіс күні

Жеңіс күні. Бұл – қазақ даласындағы ең ұлы, ең қасиетті күн. Ата-бабамыздың қанымен, батыр ұл-қыздарымыздың білек күшімен, ақ найзаның ұшымен келген жеңіс күні мәңгілік жадымызда. Ұлы мерекені барлық қазақ елі қуанышпен тойлап жатыр. «Жұлдыз» балабақшасында да «Жеңіс күніне» орай ересек «Қызғалдақ» және орта «Толағай», «Колокольчик» топтарында мерекелік таңертеңгіліктер өтті. Мерекеге бар ынталарымен, қызығушылықпен дайындалған балалардың көздерінен қуаныштың сепкіні байқалғандай. Мерекенің басында еліміз үшін күресіп, майдан кешкен батыр ата-бабаларымыз бен ұл-қыздарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алды. Сонымен қатар, тарихымызға аттарын ойып жазған, өшпес іздерін қалдырған батырларымыз жайлы слайд көрсетілді. Балалар мерекеге арнап өздерінің әндерін, тақпақтарын айтып, билерін биледі. Мерекеде әр түрлі ойындар, жарыстар болды. Балалар өздерінің білімдерін, тапқырлықтарын көрсетті. Бұл мереке балалардың жадында ерекше мереке болып қалды. Тәрбиешілер бар күштерін салып, балаларға «Жеңіс күнінің» ерекшеліктерін түсіндіре білді. Бұл мереке бытырлық пен батылдықтың символы, сүйіспеншілік пен адалдықтың нышаны. Батыр ұл-қыздарымыздың қайыспас қайсарлықтары, Отанға деген шынайы махаббаттары біздің болашақ жас ұрпақтарымыз үшін өнегесі мол тамаша үлгі. Батырларымыздың атын өшірмейтін, көк туымызды көктен түсірмейтін, тұғырлы тәуелсіздігімізді, айбынды азаттығымызды мәңгі ететін қазақтың қайсар ұрапқтары көп болғай!

Дата: 6.05.2016, 10:59 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»