1-мамыр «Бірлік, Достық» мерекесіне орай таңертеңгілік іс-шаралар.

1-мамыр «Бірлік, Достық» мерекесіне орай таңертеңгілік іс-шаралар.

«Жұлдыз» балабақшасында ересек «Қызғалдақ», «Колокольчик» топтарының арасында 1-мамыр «Бірлік, Достық» мерекесіне орай таңертеңгілік іс-шаралар өтті. Бір шаңырақ астында, бірлігіміз жарасқан ұлан-ғайыр елімізді қаншама ұлттар мен ұлыстар мекен етеді. Барша ұлтқа шаңырақ болып отырған Қазақстанымыздың түкпір-түкпірінде бұл мейрам ерекше тойлануда. Біздің балабақша ұжымы да ерекше көңіл-күймен мерекені тойлауда. Құшақтары тола қуанған балалар меркені асыға күткендері көрініп-ақ тұрды. «Колокольчик» пен «Қызғалдақ» топтарының балалары барлық ұлттар достығының нышаны ретінде көздің жауын алатындай әр ұлттың киімдерімен шықты. Тіпті, әр ұлттың өкілдері мерекеге қонаққа келіп өздерінің ұлттың тілінде сөйлеп өнерлерін көрсетті. Қонаққа Украин, Өзбек, Орыс, Татар, Неміс, Поляк ұлттарының өкілдері келді.Ұлт өкілдері өз ұлттарының биін билеп, әндерін айтып, ұлттық тағамдарымен таныстырды. Сонымен қатар балалар мерекеге арнап ән айтып, би билеп, тақпақтарын айтып мәз-мейрам болды. Әр ұлттың биін билеп шыққан балалар сол ұлт жайлы айтып, ұлттық ойындары ойналды. Мерекенің соңында балалар Отан жайлы әндерін шырқап, ерекше көңіл-күйде болды. Осындай тәуелсіз еліміздің тыныштығын мәңгі ететін қазақтың қайсар ұрапақтары көп болып, бір шаңырақ астында бірлігіміз жарасқан тату-тәтті мемлекетіміздің түтіні түзу, түндігі биік болғай! 

Дата: 29.04.2016, 9:19 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»