1 Мамыр - Қазақстан халқының достық, бірлігі күні.

1 Мамыр - Қазақстан халқының достық, бірлігі күні.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесінің 25 жылдығына орай «Жұлдыз» балабақшасында «Бір шаңырақ астында» атты педагогтар арасында сайыс өтті. Әр түрлі ұлттардың киімдерін киген педагогтар мерекені одан әрі айшықтай түсті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең –таныстыру. Әр топ қазылар алқасының алдында өздерінің ұлттарының салт-дәстүрімен, ұлттық құндылықтарымен, ұлттық ойындары және әр ұлттың өзіне тән киімдерімен таныстырып өтті. Екінші кезең - өнер. Бұл кезеңде әр ұлт өздерінің ұлттық өнерлерімен таныстырып өтті. Біреуі ұлттық билерін билесе, басқа ұлттар ұлттық әндерін шырқап, қалғандары тағы да басқа өздерінің өнерлерін көрсетті.Бұл кезең баршамыздың көңіл-күйімізді көтеріп тастады. Келесі кезең қандай болады деген сауалмен отырған жұртшылық көп ұзамай үшінші кезең - қолөнерге де куа болды. Бұл кезеңде ір ұл өздерінің қолдарынан жасаған бұйымдарын көрсетіп өздеріне тән бағаларын алды. Ал төртінші ақтық кезең бұл - тағам. Яғни, әр ұл өздерінің ұлттық тағамдармен таныстырып оларды әділқазылар алқасына ұсынды. Мерекенің соңында әділқазылар өз шешімдерін шығарды. Бас жүлде Украин ұлтын сомдаған орта «Колокольчик» тобының тәрбиешілерінің еншісіне байланды. Қалған жүлделі орындар Өзбек, Орыс, Неміс, Ағылшын ұлттарына бұйырды. Осылайша, бірлігіміз жарасып ұлан-байтақ жерімізде бейбіт өмір кеше берейік!

Дата: 28.04.2016, 8:42 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»