Ұлыстың ұлы күні - Наурыз

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз

Наурыз айының 16 және 18 аралығында «Жұлдыз» балабақшасында топтар арасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай таңертеңгіліктер өтті. Бұл мерекеде «Бесікке салу», «Тұсау кесер» сияқты салт - дәстүрлер көрсетілді. «Арқан тартыс», «Тақия тастамақ»,«Теңге алу», «Қыз қуу» т.б ұлттық ойындарын ойнады. Қыз балалар ұлттық аспабымыз асатаяқпен би билеп барша жұрттың ықыласына бөленді. Сонымен қатар, мерекенің сәнін келтірген әр түрлі әндерімен, мейрамға арналған тақпақ, өлеңдерімен балалар барлық келген қонақтарды қуантты. Ертеңгілікке қазақтың халық ертегілерінің кейіпкерлері- Алдар көсе, бай, Қожанасыр, сонымен қатар, казақ елінің біртуар батыры -Ер төстік батыр, Наурыз мерекесінің басты қонақтары-Қыдыр ата, Наурыз қыз және молшылық пен берекенің нышаны Наурыз көже жасап әкеліп, балаларды қуанышқа бөлеген – Әже. Мерекенің сәнін келтірген қазақтың ұлттық киімдері де көздің жауын алып-ақ тұрды. Тек балалар, педагогтар ғана емес , ата-аналар да бір марқайып қалды.

Дата: 25.04.2016, 2:54 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»