Денсаулығы мықты ұрпақ

Денсаулығы мықты ұрпақ

3-наурызда «Жұлдыз» балабақшасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған спорттық ойындар аясында «Салауатты өмір салты» тақырыбында спорттан жарысөтті. Жарыс тәрбиешілер мен ата - аналар арасында өтті. Ойынға қатысушылар жан - жақты белсенділік танытып жеңіске жетуге бар күштерін салды. Бұл жарыста келесі тапсырмалар болды: доппен секіру, кім мерген, жылдам шар, команда капитандарының сайысы, скакалкамен секіру, такси. Мерекеде барлығы керемет көңіл - күйде болып салауатты өмір салтын ұстануға өз үлестерін қосты. Жарыстың соңында жеңген команда анықталып, ең үздік команда капитанына алғыс хат берілді.

Дата: 25.04.2016, 2:31 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»