"Алғыс айту" күні

Барша қазақ елі 2016 жылы тұңғыш рет «Алғыс айту» күнін атап өтті. Еліміздің барлық азаматтары бір-біріне құрмет білдіретін ерекше күніне сондай-ақ, «Жұлдыз» балабақшасында алдын-ала іс-шаралар жоспарланды. Тәрбиешілер, балалар және ата-аналардың қатысуымен әр топқа алғыс айту қорапшасы қойылды. Ата-аналар тәрбиешіге немесе балабақша қызметкерлеріне деген шексіз, риясыз алғыстарын осы қорапшаға жазып салды. Әр топта 1 наурыз күні тәрбиешілер балаларға мереке жайлы мағұлмат беріп, мейраммен таныстырды. Балалар бір-біріне алғыс айтып мәз-мейрам болды. Сонымен қатар, балабақша қызметкерлерінен жағдайы төмен балаларға арнап киім-кешек, ойыншықтар жинап, оларды тиісті орындарға өткіздік. Қайырымдылы бұл- адамның бойындағы ең асыл қасиет. Бұл шараны біз ерекше құлшыныспен, шын ниетпен орындадық. Ересек және орта топтар арасында бата беруден сайыс өтті.Балалар өз білімдерін айқын көрсете білді. Ортасында ең үздік бата берген орта «Толағай» тобы жеңіске жетті. Алғыс айту күні ең бірінші, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болып отыр. Әр адамның жүрегіне жақын, жарқын мерекелердің бірі болды.

Дата: 25.04.2016, 2:14 Автор: «Жұлдыз» бөбекжайы»